Жарияланған күні: 11.04.2015 12:21
Өзгертілген күні: 14.11.2018 16:43

Еңбекші иммигрант резиденттеріне салық салу тәртіптері

Салық кодексінің 642 бабына Резидент-еңбекші көшіп келушілер жеке табыс салығы бойынша алдын ала төлем төлеуді жүргізеді.

Жеке табыс салығы бойынша алдын ала төлем  айлық есептік көрсеткіштің 2 еселенген мөлшерінде еңбекші көшіп келушіге рұқсатты алуға (ұзартуға) арналған өтінішінде резидент-еңбекші көшіп келуші көрсеткен тиісті кезеңнің жұмыстар орындалатын, қызметтер көрсетілетін әрбір айы үшін есептеледі.

Резидент-еңбекші көшіп келуші жеке табыс салығы бойынша алдын ала төлем төлеуді еңбекші көшіп келушіге рұқсатты алғанға (ұзартқанға) дейін болатын жері бойынша жүргізеді.

Шет елдік азаматтардың республикамыздың аумағында жүріп тұру тәртібі Қазақстан Республикасының көші-кон заңдылықтарына және басқа да заң актілерімен белгіленеді.  Осы заңнамаларға енгізілген сәйкес Қазақстан Республикасының резидентіне үй қызметкері болып жұмыс атқарушы келуші (бұдан әрі - иммигрант) оған берілген рұқсаттың негізінде алдын ала төлем төлеуді жүргізуі тиіс («Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Кодекстің 184 бабы, 2-1 бабы). Жеке табыс салығы бойынша алдын ала төлем әр жұмысшы иммигрантқа «Республикалық бюджет туралы» заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болған айлық есептік көрсеткіштің (АЕК) 2 еселенген мөлшерінде (1982Х2=3964 теңге) әрбір ай үшін есептелінеді. Жұмысшы иммигрантқа есептелінген жеке табыс салығын иммигранттардың өздері бюджетке төлеуге тиісті. Бұл мақсатта Қазақстанға ТМД елдерінен келген шетелдіктер жеке сәйкестендіру нөмерін алып, уақытша мекен-жайлары бойынша салық органдарында тіркелуі қажет. Алдын ала төлем еңбек иммигранттарының орналасқан жері бойынша көші-қон полициясы органдарының рұқсатын алғанға дейін (ұзартылғанша) бюджетке төленеді.

Жыл соңында еңбекші көшіп келуші жеке табыс салығы сомаларын есептейді. Бұл декларация есептік жылдан кейінгі жылдың 31-ші наурызына дейін ұсынылуы тиіс. Бюджеттен түкпілікті есеп айырысу сол жылдың 10-шы сәуіріне дейін алдын ала төленген төлемдерді есептей отырып жүргізіледі. Еңбек иммигранттары мерзімінен бұрын елден кеткен жағдайда орналасқан жері бойынша салық органдарына қайту мерзіміне дейін табыстың салық салынатын сомасына 10 пайыз мөлшерлемені қолдану жолымен жеке табыс салығының сомасын есептеуді жүргізу арқылы салық декларациясын тапсырып, жеке табыс салығын төлейді.

Заңдылық талаптарын бұзған жағдайларда Қазақстан Республикасының әкiмш құқық бұзушылық туралы  Кодексі бойынша  қолданылатын әкімшілік жауаптылық

 

517-бап. Шетелдiкт немесе азаматтығы жоқ адамның
                Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны
                саласындағы заңнамасын бұзуы

      1. Шетелдiктiң немесе азаматтығы жоқ адамның тіркеу үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген күнтізбелік бес күн өткеннен кейін үш тәулікке дейінгі мерзімде ішкі істер органдарында тіркеуден өтпей Қазақстан Республикасында болуынан көрінген, Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзуы –
      ескерту жасауға әкеп соғады.
      2. Шетелдiктiң немесе азаматтығы жоқ адамның осы баптың бірінші бөлігінде көзделген мерзімдерден астам уақыт ішкі істер органдарында тіркеуден өтпей Қазақстан Республикасында болуынан не тіркеу кезінде көрсетілген мекенжайда тұрмауынан, сол сияқты Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзиттік жол жүру қағидаларын сақтамаудан көрінген, Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзуы –
      он бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға не он тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамаққа алуға не Қазақстан Республикасының шегiнен әкімшілік жолмен шығарып жiберуге әкеп соғады.

518-бап. Шетелдiктерді және азаматтығы жоқ адамдарды
                қабылдайтын жеке немесе заңды тұлғалардың
                Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны
                саласындағы заңнамасын бұзуы

      1. Қабылдаушы тұлғаның шетелдiктерді және азаматтығы жоқ адамдарды уақтылы тiркеу не олардың Қазақстан Республикасында болуы не болудың белгілі бір мерзiмi өткеннен кейін олардың Қазақстан Республикасынан кетуі құқығына құжаттарды ресімдеу жөнінде шаралар қолданбауы –
      жеке тұлғаларға – бес, лауазымды адамға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – он, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – он бес, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      2. Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұза отырып, Қазақстан Республикасына келген шетелдiкке немесе азаматтығы жоқ адамға тұрғынжай беру не белгіленген мерзімдерде Қазақстан Республикасынан кетуден жалтару не тіркеу кезінде көрсетілген мекенжайға нақты тұратын жерінің сәйкес келмеуі –
      жеке тұлғаларға – он, лауазымды адамға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – жиырма, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – отыз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне қырық айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

519-бап. Шетелдiк жұмыс күшiн және еңбекшi көшiп
                келушiлердi Қазақстан Республикасының заңнамасын
                бұза отырып тарту, шетелдiктiң немесе азаматтығы
                жоқ адамның Қазақстан Республикасында еңбек
                қызметiн заңсыз жүзеге асыруы

      1. Жұмыс берушiнiң шетелдiк жұмыс күшiн жергiлiктi атқарушы органның рұқсатынсыз тартуы немесе жұмысқа орналасуға рұқсаты жоқ шетелдiктердің және азаматтығы жоқ адамдардың еңбегiн пайдалану –
      жеке тұлғаларға – отыз, лауазымды адамдарға – елу, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – бір жүз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – екі жүз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне бiр мың айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      2. Жұмыс берушiнiң шетелдiк жұмыскердi жергiлiктi атқарушы органның шетелдiк жұмыс күшiн тартуға рұқсатында көрсетiлген лауазымға (кәсiпке немесе мамандыққа) сәйкес келмейтiн лауазымға (кәсiпке немесе мамандыққа) тартуы –
      жеке тұлғаларға – отыз, лауазымды адамдарға – елу, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – бір жүз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – екі жүз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне бiр мың айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

 

Қызылорда облысы бойынша МКД