Жарияланған күні: 04.05.2015 10:32
Өзгертілген күні: 15.10.2018 16:03

Мүліктік табыс бойынша

Мүліктік табыс бойынша 2017 жылғы Салық кодексінде  20 тарауда 180,180-1,180-2, 180-3, 181, 182, 183,184,185,186,187   - 11 баптан құралса, 2018 жылы  жаңа Кодекс бойынша  36 тарауда 330,331,332,333, 334, 335, 336, 337, 338, 339, 340, 643   - 12 баптан тұрады.

180-бап Мүліктік табыс- жаңа кодексте мүліктік кіріс деген 330- бап болып өзгерді,

Бұрын 180 баптың 1тармағының 1-ші тармақшасы  «жеке тұлғаның, шағын бизнес субъектілері үшін арнаулы салық режимін қолданатын дара кәсіпкердің мүлікті өткізу кезіндегі құн өсімінен түсетін табыс» деп аталса, қазіргі жаңа кодексте  2 тармақшадан құралып отыр.Олар «ҚР-дағы мүлікті өткізу кезіндегі құн өсімінен түсетін кіріс»  және «ҚР-ның шегінен тыс жердегі көздерден алынған мүлікті өткізуден алған кіріс»деп өзгерді.

Сонымен бірге осы бапқа 5 тармақша қосылды- «Талап ету құқығын, оның ішінде тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарт бойынша тұрғын үйдегі (ғимараттағы) үлесті талап ету құқығын басқаға беруден түсетін кіріс» деп аталад.

Бұрынғы кодексте 180 баптың 4-ші тармақшасында «шағын бизнес субъектілері үшін арнаулы салық режімін қолданатын дара кәсіпкердіңөзге де активтерді өткізу кезіндегі құн өсімінен түсетін табыс» деп көрсетілсе, қазіргі кодексте «шағын бизнес субъектілері үшінне шаруа немесе фермер қожалықтары үшіндеген сөздермен толықтырылды.

Бұрыңғы кодексте 181-бап. «Жекеше нотариустардың, жеке сот орындаушыларының, адвокаттардың, кәсіби медиаторлардың табысы»деп бірге көрсетілсе,жаңа кодексте 336 бап болып «Жеке практикамен айналысатын адамның кірісі» болып  4 тармақшаға жеке- жеке бөлінген.

 

Сонымен бірге,339 бап «Бақыланатын шетелдік компания бойынша жалпы ережелер» деген және340 бап «Бақыланатын шетелдік компанияның пайдасына салық салу» деген баптарментолықтырылған.

Бұрынғы кодексте 21-тарау   185- бап «Жеке табыс салығы бойынша декларация» және 186- бап  «Декларация табыс ету мерзімдері» деген екі бап болса,  жаңа кодексте 643- бап  «Жеке табыс салығы бойынша декларация және оны тапсыру мерзімдері»  болып өзгертілді.

 

Ғ.Халықова,

Қызылорда облысы бойынша МКД

камералдық бақылау басқармасының  бас маманы