Жарияланған күні: 15.04.2022 12:44
Өзгертілген күні: 15.04.2022 19:36

«e-Salyq Business» қосымшасы - кәсіпкерлер үшін жаңа мобильді мүмкіндіктер

Мемлекеттік кірістер комитетімен «e-Salyq Business» мобильді қосымшасы әзірленіп, 2022 жылдың 1 қаңтарынан бастап іске қосылды. Жаңа цифрлық шешім жеке кәсіпкерлерге салық міндеттемесін орындауды жеңілдетеді, ол әсіресе жаңадан тіркелген кәсіпкерлерге ыңғайлы.

Қосымшаның функционалы жеке кәсіпкер ретінде тіркелуге, салық режимін таңдауға және өзгертуге, чектер беруге, кірістер тізілімін қалыптастыруға және салық және әлеуметтік төлемдер бойынша міндеттемелерді қосымшамен автоматты түрде есептеу үшін қызметкерлердің кірістерінің есебін жүргізуге және оңайлатылған декларацияның тиісті жолдарын толтыруға мүмкіндік береді.

Патент негізінде арнаулы салық режимін қолданатын кәсіпкерлер «e-Salyq Business» мобильді қосымшасының пайдаланушылары бола отырып, патент құнының есеп-қисабын ұсынудан және табыс алғанға дейін алдын ала (аванспен) салық және әлеуметтік төлемдерді төлеуден босатылады.

E-Salyq Business мобильді қосымшасы

Қосымша салық төлеушінің электрондық цифрлық қолтаңбасы арқылы куәландырылған электрондық құжат негізінде арнайы салық режимін қолдану, дара кәсіпкер ретінде тіркеу есебіне қою (осындай тіркеу есебінен шығару) кезінде салық міндеттемелері мен әлеуметтік төлемдер бойынша міндеттемелерді орындаудың оңайлатылған тәртібін қолдану мақсаттары үшін әзірленді.

Мобильдік қосымшаның пайдаланушылары арнайы салық режимі бойынша кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға ниет білдірген жеке тұлғалар, сондай-ақ арнайы салық режимін қолданатын жеке кәсіпкерлер болып табылады.

 

Мобильді қосымша мыналарды өндіруге мүмкіндік береді:

дара кәсіпкер ретінде тіркеу есебіне қою және осындай тіркеу есебінен шығару;

 салық режимін таңдау және өзгерту;

 қосымшаның чектері бойынша кірістерді есепке алу.

Мобильдік қосымшада дара кәсіпкердің табысы қосымша чектерінің, фискалдық деректер операторларынан алынған бақылау-касса машинасы чектерінің деректері, сондай-ақ банктік шоттарға аударымдар бойынша деректер (дара кәсіпкердің банктік құпияны ашуға және екінші деңгейдегі банктердің ақпараттық жүйелерімен интеграциялауға келісімі болған кезде) немесе кәсіпкер қолмен енгізу арқылы енгізген деректер бойынша қалыптастырылады.

Салықтар және басқа да көптеген мәселелер туралы толығырақ 1414 нөмірі арқылы біле аласыз.