Жарияланған күні: 08.11.2018 15:45
Өзгертілген күні: 08.11.2018 15:49

1.     Қолма-қол ақшаның қандай сомасы міндетті жазбаша декларациялауға жатады?

Жауап: Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 20.12.2017 жылғы №107 «Жеке пайдалану үшін тауарларға байланысты кейбір мәселелері туралы» Шешіміне сәйкес кеден одағының кеден шекарасы арқылы қолма-қол ақша қаражаты валюталық баламасы 10000 АҚШ долларынан асса міндетті түрде декларациялауға жатады.

2. Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы алкогольді ішімдіктерді өткізу мөлшері қандай?

Жауап: Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 20.12.2017 жылғы №107 «Жеке пайдалану үшін тауарларға байланысты кейбір мәселелері туралы» Шешімнің 1 қосымшасына сәйкес 18 жасқа толған бір заңды тұлғаға есептегенде 3 литрден көп емес алкогольді  ішімдіктер мен сыра, кедендік баж төлеуден босатыла отырып, кедендік шекара арқылы жүргізілуі мүмкін.

3. Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы қанша темекі өнімдерін тасымалдауға болады?

Жауап: Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 20.12.2017 жылғы №107 «Жеке пайдалану үшін тауарларға байланысты кейбір мәселелері туралы» Шешімнің 1 қосымшасына сәйкес темекі және темекі бұйымдарын  18 жасқа толған бір заңды тұлғаға есептегенде 200 сигарет немесе 50 сигар (сигарилл) немесе 250 грамм темекі, не жалпы салмағы 250 грамнан аспайтын көрсетілген бұйымдардың түр-түрі кедендік баж төлеуден босатыла отырып, кедендік шекара арқылы жүргізілуі мүмкін.

4. Жеке пайдалануға арналған жолжүк тауарларды тасымалдаушымен жеке тұлғаның мекенжайына кедендік баждарды, салықтарды төлемей отырып, жеткiзу нормалары?

Жауап: Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 20.12.2017 жылғы №107 «Жеке пайдалану үшін тауарларға байланысты кейбір мәселелері туралы» Шешімнің 1 қосымшасына сәйкес бір алушының мекенжайына күнтізбелік ай ішінде әкелінетін (этил спиртін, алкоголь ішімдіктерін, сыраны және бөлінбейтін тауарларды қоспағанда) жеке пайдалану үшін кедендік құны 1000 евроға барабар сомадан аспайтын және салмағы 31 килограмнан аспайтын тауарлар жатады.

5. Жеке тұлғанының кеден одағының кедендік шекарасы арқылы бекіре уылдырығын тасымалдауы тыйым салынған тауарларға жатама?

Жауап: Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 20.12.2017 жылғы №107 «Жеке пайдалану үшін тауарларға байланысты кейбір мәселелері туралы» Шешімінесәйкес бекіре тұқымдас балық түрлерінің уылдырығы, салмағы 250 грамнан аспаса тыйым салынған тауарлар тізіміне жатпайды.