Жарияланған күні: 18.03.2015 14:55
Өзгертілген күні: 22.10.2018 18:17

Дара кәсіпкер қызметін тоқтату туралы шешім қабылдаған жағдайда орналасқан жері бойынша салық органына бір мезгілде:

  1. Қызметтік тоқтату туралы салықтық өтінішті;
  2. осындай есепке алу болған жағдайда қызметтің жекелеген түрлері бойынша тіркелу есебінен шығару туралы салықтық өтінішті;
  3. таратудың салық есептілігін;

Дара кәсіпкеркерлердің жекелеген санаттарының қызметін оңайлатылған тәртіппен тоқтату камералдық бақылау жүргізілмей:

  1. Салық төлеушінің қызметті тоқтату туралы салықтық өтінішінің не
  2. Салық есептілігін табыс етуді тоқтата тұру туралы салықтық өтініште немесе патент құнының есеп-қисабында қамтылған жазбаша келісімнің негізінде жүзеге асырылады.
  3. бақылау-кассалық машинасын есептен шығару туралы салықтық өтінішті табыс етеді. 

Қызметін тоқтату туралы салықтық өтінішті беру кезінде бір мезгілде мынадай шарттарға сәйкес келетін:

  1. қосылған құн салығын төлеуші ретінде тіркеу есебінде тұрмайтын;
  2. бірлескен кәсіпкерлік нысанда қызметті жүзеге асырмайтын;
  3. шаруа немесе фермер қожалықтары үщін арнаулы салық режимі қолданылмайтын  қызмет түрлері бойынша табыстар мен шығыстардың, мүліктің бөлек есепке алынуын қолданатын бірыңғай жер салығын төлеушілер болып табылмайтын;
  4. жекелеген қызмет түрлерін жүзеге асырмайтын;
  5. тәуекелдерді бағалау жүйесі іс-шараларының нәтижелері негізінде салықтық тексерулер жоспарында жок;
  6. салық берешегі, міндетті зейнетақы жарналары,міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары және әлеуметтік аударымдар бойынша берешегі жоқ  ҚР-ның  азаматтары  немесе  оралмандар болып табылатын дара кәсіпкерлер қызметті оңайлатылған тәртіппен тоқтатуға жатады.