Жарияланған күні: 18.03.2015 10:19
Өзгертілген күні: 14.11.2018 14:48

Қолма-қол шетел валютасымен айырбас операцияларын ұйымдастыру қызметін жүзеге асыратын тұлғалардың назарына!

 

        Қызылорда қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы Қазақстан Республикасы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» салық Кодексінде 2018 жылдың 1-ші қаңтарынан бастап өзгрістер енгізілуіне байланысты Қазақстан Республикасы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Кодексінің 544 бабына сәйкес  Қолма-қол шетел валютасымен айырбас операцияларын ұйымдастыру қызметін жүзеге асыратын  уәкілетті ұйымдар тіркелген салық төлеушілер болып табылады.

        Сондай-ақ Салық Кодексінің 545 бабының 7 тармақшасына сәйкес 2018жылдың 1-ші қаңтарынан бастап уәкілетті ұйымның айырбастау пункті тіркелген салық салу объектісі болып табылатындығын хабарлай отырып, қолма-қол шетел валютасымен айырбас операцияларын ұйымдастыру қызметін жүзеге асыратын  уәкілетті ұйымдарға Мемлекеттік кірістер басқармасына тіркелген салық төлеуші ретінде тіркелу керек екендігін ескертеді.

   

 

Салық төлеушілермен жұмыс бөлімінің бас маманы

М. Юсупов