Жарияланған күні: 25.05.2018 18:18
Өзгертілген күні: 14.11.2018 15:47

         Әкімшілік жазаның  әлеуметтік  міндеті ол жазаның орындалуымен тығыз байланысты, яғни кінәлі тұлға өзінің құқықтарының шектелгенін мойындайды. Егер әкімшілік жаза қолдану туралы қаулы орындалмаса немесе толығымен орындалмаса – мұндай жазаның тиімділігі туралы айту қиын. Сондықтан да қолданған жазалардың тиімділігі оларды жүзеге асырылуымен байланысты.  

         Жеке нотариустар, жеке сот орындаушылар, адвокаттар, дара кәсіпкерлер және заңды тұлғаларға қатысты мемлекеттік кірістер органдарымен қарастырылатын, сондай-ақ, салық салу саласында өзге құқық бұзушылықтар бойынша әкімшілік айыппұл салутуралы қаулы Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленген тәртіпте орындалады.

         Өз еркімен әкімшілік айыппұлды төлеу үшін мерзімнің өтуі бойынша хаттаманы толтырған қызметші мемлекеттік кірістер органдары қарайтын әкімшілік құқық бұзушылықтар бойынша, сондай-ақ жеке нотариустар, жеке сот орындаушылар, адвокаттар, дара кәсіпкерлер және заңды тұлғаларға қатысты салық салу саласында өзге әкімшілік құқық бұзушылықтар бойынша  әкімшілік айыппұл салу туралы қаулы бір тәулік ішінде  салық берешегін және салық, төлем, өсімпұл және айыппұл бойынша берешекті мәжбүрлеп өндіріп алу шарасын қолдануға жауапты мемлекеттік кірістер органының тиісті бөлімшесіне (бұдан әрі – мәжбүрлеп өндіріп алу бөлімі) жібереді.

         Бұл ретте, мәжбүрлеп орындатуға жіберілген әкімшілік жаза қолдану туралы қаулыны өндіріп алу бөлімі өз еркімен төлеу бойынша мерзімі өткеннен кейін бес күндік мерзімде, салық салу саласында сот шығарған айыппұлды салу туралы қаулы бойынша  оларды алған сәттен бастап үш күндік мерзімде жүргізілуі керек.

         Әкімшілік жаза қолдану туралы қаулыны орындау, мемлекеттік кірістер органдарымен қарастырылатын, сонымен қатар заңды тұлғаға қатысты салық салу саласындағы басқа да әкімшілік құқық бұзушылықтар бойынша, дара кәсіпкерлер, жеке нотариустар, жеке сот орындаушылар, тиісінше адвокаттар есепке алу жаза жеке шоттарында қамтамасыз ету құралдарын пайдалану және айыппұлды мәжбүрлеп өндіріп алу шарасы, мемлекеттік кірістер органымен салық төлеушінің тіркеу орны бойынша қолданылады.

        Сонымен қатар әкімшілік жаза қолдану туралы қаулысы бойынша  жаппай өндіріп алу жүргізілуі,сот қаулысын орындаған туралы белгі қойылып,қаулыны орындаған мемлекеттік кірістер органы сотқа, қаулыны шығарған мемлекеттік кірістер органына қайтарады.

         Жеке тұлғаларға қатысты айыппұлды мәжбүрлеп өндіріп алу ӘҚБК 894-бабында белгіленген тәртіпте  жүргізіледі.

        Егер айыппұл салынған жеке тұлға жұмыс iстемейтін болса немесе басқа да себептер бойынша айыппұлды жалақысынан немесе өзге де табыстарынан өндiрiп алу мүмкiн болмаса, мемлекеттің кірісіне айыппұл сомасының түспегені туралы анықтаманы міндетті түрде қоса отырып, айыппұл салу туралы қаулыны, айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқаманы Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртiппен мәжбүрлеп орындату үшiн сот орындаушысына жiбередi.

         Бұл ретте,  айыппұл қолдану туралы қаулыны өз еркімен орындау мерзімі өткеннен кейін 10 күн ішінде айыппұл салу туралы қаулы сот орындаушысына жіберіледі.

 

                Заң басқармасының бас маманы                               С.Рыскулов