Жарияланған күні: 31.01.2020 16:48
Өзгертілген күні: 05.02.2020 11:14

Алып-қою тізбесіне сәйкес, әкелу кедендік баж  мөлшерлемелерінің  ДСҰ шарттарында Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифтің шеңберiндегі қолданыстағы кедендік бажбен салыстырғанда төмен қолданылатын тауарлар тізіміне өзгертулер енгізу

 ( Алып-қою тізбесі)

 

Қызылорда облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті, Еуразиялық Экономикалық Комиссиясының №109 шешіміне сәйкес, 2020 жылдың 3 қаңтарынан бастап, «Қазақстан Республикасымен Дүниежүзілік сауда ұйымына кіру үшін қабылданған міндеттемелерге сәйкес, әкелу кедендік баж мөлшерлемелерінің ЕАЭО  Бірыңғай кедендік тарифінің шеңберiнде қолданыстағы кедендік бажбен салыстырғанда төмен мөлшерлемелері қолданылатын тауарлар тізіміне» өзгертулер енгізілгендігін хабарлайды.

2015 жылғы 16 қазандағы Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына тауарлардың импорты мен айналымының кейбір мәселелері туралы Хаттамасының 3 бабына және Еуразиялық экономикалық комиссия туралы Ереженің 16 тармағына (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ шартына №1 қосымша) сәйкес, Еуразиялық экономикалық комиссияның кеңесімен келесідей шешім қабылданды:

Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2015 жылғы 14 қазандағы № 59 шешіміне және Дүниежүзілік сауда ұйымына кіру үшін қабылданған міндеттемелерге сәйкес, Қазақстан Республикасы тауарлардың тізіміне ену кезінде кедендік әкелу баждарының мөлшерлемелерін Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифінің мөлшерлемелерінен төмен мөлшерлемелер қолданылатын тауарлар тізіміне, қосымшаға сәйкес өзгерістер енгізілсін.

ДСҰ шеңберіндегі тауарлар импорты туралы барлық ақпарат пен өзгерістер Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кірістер комитетінің сайтында (www.kgd.gov.kz) орналастырылған.

Сонымен бірге, сыртқыэкономикалық қызметке қатысушылар мен салық төлеушілер Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде тауарлар айналымының шарттары жөнінде туындаған сұрақтары мен мәселелері туралы Қызылорда облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті Экспорттық бақылау басқармасынан, мына көрсетілген мекен-жай бойынша толық ақпарат алу мүмкіндігі қарастырылғандығын хабарлайды: Қызылорда қаласы, Абай даңғылы 64 «г», №211 кабинет, телефон 8-72-42-23-50-54 немесе Қызылорда облысының аумақтық Мемлекеттік кірістер басқармалары.