Жарияланған күні: 06.03.2015 09:53
Өзгертілген күні: 13.05.2019 18:42

Орынов Ғалымжан Қалдыкөзұлы

 Қызылорда облысы бойынша

 Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы

 

 

16 қазан 1975 жылы  Шымкент облысы Ленин ауданы Ленин селосында дүниеге келген.

Білімі (мамандығы):

1996 жыл - Қазақ тұтыну кооперация институты;

2010 жыл -  Қ.А.Яссауи атындағы  Халықаралық  Қазақ-Түрік  университеті;

2016 жыл – Шымкент университеті.

Еңбек жолы:

- Салық инспекторы,бас салық инспекторы, бөлім басшысы, Қазығұрт ауданы бойынша Салық комитетінің төраға орынбасары (09/1996 – 11/2006);

- Сарыағаш ауданы бойынша Салық комитетінің төраға орынбасары(11/2006 – 02/2007);

- Кентау қаласы бойынша Салық комитетінің төрағасы (02/2007 – 04/2011);

- Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша Салық департаменті басшысының орынбасары (04.2011 – 11/2014);

- Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары (11/2014 – 09/2018);

- ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті Ұйымдастыру жұмыстары департаменті Қаржылық қамтамасыз ету басқармасының басшысы (09/2018 – 05/2019).

Мемлекеттiк наградалары, құрметтi атақтары:

«Салық қызметінің үздігі»  - 2013 ж.

«Казақстан Конституциясына 20 жыл» мерекелік медалі - 2015ж.

«Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл»  мерекелік медалі - 2016 ж.                                                                

 

 

 

 

Қалдарбеков Мұса Оспанұлы

Қызылорда облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары

 

20 қаңтар 1972 жылы Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданында дүниеге келген

 

Білімі (мамандығы):

  1. «техник – механик» (1991ж. Семей  жеңіл өнеркәсіп  техникумы);
  2.  «инженер-техник» (1997ж. Алматы технологиялық институты);
  3.  «экономист» (2001ж. Алматы технология және бизнес университеті).

Еңбек жолы:

Кентау тігін трикотаж  фабрикасының  слесарь-жөндеушісі болып бастаған.

1991-1995 жылдар аралығында Қызылорда облысы Жаңақорған ауданында  жұмысшы, кондитер.

1995 – 1997 жылдар аралығында «Кереге» ШМК директорының орынбасары, Алматы қаласы.

Салық органдарындағы еңбек жолын маман, аға инспектор лауазымында 1997 жылдан бастаған;

2001-2008жж. Алматы қаласының Түрксіб ауданы бойынша, Әуезов ауданы бойынша Салық комитетінің өңдіріп алу бөлімінің бастығы, Алматы қаласы;

2008-2010 жж. аралығында Жетісу ауданы бойынша Салық басқармасы  бастығының орынбасары, Алматы қаласы;

2010-2011 жж. Алатау ауданы бойынша Салық басқармасы  бастығының орынбасары, Алматы қаласы;

 2011-2014 жж. Батыс Қазақстан облысы  бойынша Салық департаменті  басшысының орынбасары болып қызмет атқарған.

2014 жылдың қараша айынан бастап Қызылорда облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары.

 

 

Бимурзаев Нұрлыбек Шонжарұлы

 

Қызылорда облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті

басшысының орынбасары

 

1970 жылы  Қызылорда  облысы  Сырдария  ауданында  дүниеге  келген.

 

Білімі:

  1.  «бухгалтерлік есеп  және  аудит», (1996 жылы  Қызылорда политехникалық институтын бітірген);
  2. «заңгер»,  (2006  жылы Қызылорда «Болашақ» университетін  бітірген);

 

Еңбек  жолы:

▪  1988-1989 жж. – Қызылорда облысы Сырдария ауданы Ленин атындағы совхозы жұмысшы;

▪  1989-1991жж. –  Қарулы Күштер қатарында  қызметте;

▪  1991-1992 жж.  – Қызылорда облысы Сырдария ауданы Ленин атындағы совхозы жұмысшы;

▪ 1992-1996 жж. – Қызылорда облысы Сырдария ауданы Абай атындағы совхозы сантехника-слесары;  

▪ 1996-1999жж. – Қызылорда облысы Сырдария ауданы Абай атындағы совхозы №138 орта мектебінің лаборанты;

▪ 1999-2000жж. – Қызылорда қаласы ҚР ІІМ оқу орнының тыңдаушысы;

▪ 2000-2001 жж. – ҚР МКМ КК Қызылорда облысы бойынша Кеден басқармасы «Қызылқұм», «Жосалы» кеден бекеттерінің инспекторы;

▪  2001-2004жж. – ҚР МКМ КК Қызылорда облысы бойынша Кеден басқармасы кедендік шекараны күзету қызметінің, жүкті жеткізу және транзитті бақылау бөлімінің, алдын ала операцияларды және кедендік бақылауды ұйымдастыру бөлімінің инспекторы;

▪  2004-2010 жж. – ҚР ҚМ КБК Қызылорда облысы бойынша Кедендік бақылау департаментінің алдын ала операцияларды және кедендік бақылауды ұйымдастыру бөлімінің, тарифтік реттеу және кедендік құнды талдау  бөлімінің  аға маманы, алдын ала операцияларды және кедендік бақылауды ұйымдастыру бөлімінің  бас маманы;

▪ 2010-2014 жж. – ҚР ҚМ КБК Қызылорда облысы бойынша Кедендік бақылау департаменті «Қызылорда Кедендік ресімдеу орталығы» кеден бекеті бастығының орынбасары;

▪ 2014-2018 жж. – ҚР ҚМ МКД Қызылорда облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басқарма басшысы -  «Қызылорда-кедендік ресімдеу орталығы» кеден бекетінің басшысы;

▪ 2018 жылдың 30 қаңтарынан ҚР ҚМ МКК Қызылорда облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары.