Жарияланған күні: 15.02.2019 15:53
Өзгертілген күні: 15.02.2019 15:56

Мемлекеттік қызметшілердің мүлкі мен жеке табыс салығын декларациялау мерзімі жақын

 

          Қазақстан Республикасының "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Кодексінің (Салық кодексі) 363-бабына және 364-баптарына сәйкес мемлекеттік қызметшілер, сонымен қатар Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңына сәйкес декларация табыс ету міндеттемесі жүктелген тұлғалар тұрғылықты жердегі салық органына есепті салық кезеңінен кейінгі жылдың 31 наурызынан кешіктірмей  жеке табыс салығы және мүлкі туралы декларация (230.00 нысанды) табыс етуі тиіс.

           Мемлекеттік кірістер органдарына табыс етілген жеке табыс салығы және мүлкі туралы декларацияларында жіберілген қателіктерді талдау барысында, көп жағдайда бірлескен ортақ меншіктегі салық салу объектілері бойынша мәліметтер дұрыс көрсетілмейтіндігі байқалады. Сондықтан декларация табыс ету кезінде бірлескен ортақ меншіктегі салық салу объектілері бойынша мәліметтерді мемлекеттік қызметші және оның жұбайы салық декларациясында көрсетуі қажет.

            Жеке табыс салығы және мүлкі туралы декларация  Мемлекеттік кірістер органдарына электронды түрде табыс етіледі.

            Салық декларациясын электронды түрде табыс етуді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің ресми веб-порталында жұмыс жасайтын «Салық төлеушілер кабинеті» (http://cabinet.salyk.kz сілтемесімен)  арқылы да кез-келген уақытта жүзеге асыруға болады.

            Қызылорда облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті мемлекеттік лауазымды атқаратын адамның, мемлекеттік қызметтен теріс себептермен босатылған адамның, сол сияқты аталған адамдардың жұбайының салық салу объектілері болып табылатын табыстары мен мүлкі туралы декларацияларды және мәліметтерді Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мерзімдерде қасақана ұсынбауы немесе толық ұсынбауы,  Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 274-бабына сәйкес әкімшілік жауапкершілікке әкеп соғатындығын хабарлай отырып, жеке табыс салығы және мүлкі туралы декларацияны мерзімінен кешіктірмей, толық және дұрыс толтырылуын назарға алуды сұрайды.

 

 

                                                               Е. Ержанов,

                                                               Қызылорда облысы бойынша МКД-нің

                 бас маманы