Жарияланған күні: 30.01.2019 15:45
Өзгертілген күні: 30.01.2019 15:49

Алкоголь өнімінің көтерме және бөлшек саудасымен айналысатын салық төлеушілер назарына

 

Қызылорда қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы, 01.01.2018 жылдан бастап «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) Кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізілгенін хабарлайды.

Яғни, бұрын алкоголь өнімін сақтау және бөлшек саудада өткізу бойынша қызмет түрлерін жүзеге асыруға лицензия алған төлеушілер, тиісті саладағы қызметті жүзеге асырудың бірінші жылын қоспағанда, алым сомасын жыл сайын ағымдағы жылғы 20 шілдеге дейін төлейтін.

Ал, 01.01.2018 жылдан бастап қолданысқа енгізілген жаңа Салық кодексіне сәйкес жекелеген қызмет түрлерімен айналысуға лицензияны пайдаланғаны үшін алымның орнына төлемақыға ауыстырылды.

Салық кодексінің 558 быбына сәйкес төлемақы төлеушілер төлемақы сомаларын өзінің тұрған жері бойынша ағымдағы жылғы 25 наурыздан, 25 маусымнан, 25 қыркүйектен және 25 желтоқсаннан кешіктірмей тең үлестермен жыл сайын төлейді. Егер есепті салықтық кезеңде лицензияны пайдалану кезеңі бір жылдан аз болса, төлемақы сомасы бір жылға есептелген төлемақы сомасын он екіге бөлу және бір жылда лицензия пайдаланылған (толық немесе толық емес) айлардың тиісті санына көбейту жолымен айқындалады. Бұл ретте лицензия алу кезінде төлемақы төлеу жөніндегі міндеттеме лицензия алған жылдан кейінгі күнтізбелік жылдан бастап туындайды.

Төлемақы мөлшерлемелері республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және осындай төлемақы төлеу күніне қолданыста болатын еселенген айлық есептік көрсеткіш (бұдан әрі – АЕК) мөлшерінде айқындалады және мыналарды құрайды:

Алкоголь өнімін сақтау және көтерме саудада өткізу, әрбір қызмет объектісі үшін – 200 АЕК

Алкоголь өнімін сақтау және бөлшек саудада өткізу, қызметті мыналарда жүзеге асыратын субъектілерге әрбір қызмет объектісі үшін:

1) Астанада, республикалық маңызы бар қалаларда және облыс орталықтарында – 100 АЕК

2) басқа да қалалар мен кенттерде – 60 АЕК

3) ауылдық елді мекендерде – 20 АЕК.

Қазақстан Республикасының Қаржы Министрінің 05.03.2018 жылғы №336 санды бұйрығына сәйкес қызметтің жекелеген түрлерiмен айналысуға лицензияларды пайдаланғаны үшін төлемақы 105434 санды сынаптама кодына төленеді.

Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының «Этил спирті мен алкоголь өнімінің өндірілуін және айналымын мемлекеттік реттеу туралы» Заңының 9 бабының 3 тармағының 6 тармақшасына сәйкес  этил спирті мен алкоголь өнімі айналымының және олардың оны өзгертудің шарттарына есепке алу –бақылау маркаларының қорғау элементтерін айқындайтын және есепке алу-бақылау маркаларымен таңбалауға жататын алкоголь өнімінің есепке алу-бақылау маркаларынан ақпаратты оқитын аспаптары болмаса сақтауға және өткізуге тыйым салынады.

Есепке алу-бақылау маркаларынан ақпаратты оқитын аспаптары болмаған жағдайда, ҚР ӘКБтК-нің 282 бабының 3 тармағының 6 тармағына сәйкес құқық бұзушылықтың тiкелей нысанасы болып табылған акцизделетiн тауарлар тәркiлене отырып, 50 ден 600-ге дейін айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

            Егер, осыған байланысты туындаған сұрақтар болған жағдайда Қызылорда қаласы, Абай даңғылы 64 «Г», 114-кабинетте орналасқан  «Салық төлеушілермен жұмыс бөліміне» (тел.23-61-56) хабарласуыңызға болады.

 

Қызылорда қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы