Жарияланған күні: 02.11.2018 16:57
Өзгертілген күні: 02.11.2018 16:57

 Қызылорда облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті (бұдан әрі - Департамент) мәлімет үшін «Қазақстан Республикасындағы кедендікреттеу туралы» Қазақстан Республикасы кодексінің (бұдан әрі - Кодекс) 347-бабына сәйкес шетелдік жеке тұлғалар кеден одағының кедендік аумағына шет мемлекеттердің аумағында тіркелген жеке пайдалануға арналған көлік құралдарын өзінің уақытша болуы мерзіміне, бірақ бір жылдан аспайтын мерзімге кедендік төлемдер мен салықтарды төлеуден босатыла отырып, уақытша әкелуге құқылы екенін хабарлайды.

Шетелдік жеке тұлғаның дәлелді өтініші бойынша кеден органдары жеке пайдалануға арналған көлік құралдарын уақытша әкелу мерзімін мұндай көлік құралдарын уақытша әкелген күннен бастап бір жыл шегінде ұзартуы мүмкін.

Сіздің назарыңызды Кодекстің аталған бабының 6-тармағына сәйкес уақытша әкелінген жеке пайдалануға арналған көлік құралдары, Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағында декларанттың іс жүзінде иелігінде және пайдалануында болуға тиіс екендігіне аударамыз.

Көрсетілген заңнамалық нормалармен әкімшілік кедергілерді төмендету және кедендік рәсімдерді жеңілдету мақсатында шетелдік жеке тұлғаларға көлік құралдарын уақытша әкелу мерзімін Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті Қызылорда облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінде аталмыш рәсім ресімделген кедендік бекеттерге бармай-ақ, ұзарту мүмкіндігі берілген.

Шетелдік жеке тұлғалардың Қазақстан Республикасының аумағына әкелген көлік құралдарын кедендік ресімдеу мәселелері сұрақтары бойынша Қызылорда қаласы, Ш.Есенов көшесі, 16 үй, Кедендік бақылау басқармасына, байланыс телефоны: 8 (7242) 21-52-77, мекен-жайына жүгінуіңізге болады.