Жарияланған күні: 14.11.2018 11:53
Өзгертілген күні: 14.11.2018 12:06

Арнаулы салық режимдері

 

Патент негізіндегі арнаулы салық режимін мынадай талаптарға

сай келетін дара кәсіпкерлер қолданалады.

 

  • Жалдамалы қызметкер еңбегін пайдаланбайтын;
  • Салық кезеңіндегі  табысы республикалық бюджет туралы заңда белгіленген ең төменгі жалақының 300 еселенген мөлшерінен  (8 485 200 теңге)  аспауы  тиіс.
  • Патент кемінде 1 ай мерзімге немесе 12 айдан аспайтын мерзімге беріледі.
  • Күнтізбелік жыл салық кезеңі болып табылады.

 

Патент құнын есептеу.

 

  • Патент құнына жеке табыс салығы (төлем көзінен ұстап қалатын жеке табыс салығынан басқа) мен әлеуметтік төлемдердің төлеуге жататын сомалары қосылады.
  • Қолма-қол саудадан басқа саладағы қызметті жүзеге асыратын салық салық салу тұлғаларын қоспағанда, патент құнына кіретін жеке табыс салығының сомасын есептеу салық салу объектісіне 1 пайыз мөлшеріндегі мөлшерлемені қолдану жолымен жүргізіледі. Қолма-қол саудамен жұмыс жасайтын тұлғаларға 2 пайыз мөлшеріндегі мөлшерлеме қолданылады.
  •  Патент құнына кіретін әлеуметтік төлемдерді есептеу "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы", "Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы" және "Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы" Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүргізіледі.
     
  • Патент құны  жеке табыс салығына төленеді(БСК-101202)
  • Міндетті зейнетақы қорына ең төменгі жалақының 10% пайызынан кем емес жарна есептелінеді. (БСК-901101)
  • Әлеуметтік сақтандыру қорына ең төменгі жалақының 3.5 % пайызынан кем емес жарна есептелінеді. ( БСК-902101)

 

 

 

 

Оңайлатылған декларация негізіндегі арнаулы салық режимі

 

Мынадай шарттарға сай келетін шағын бизнес субъектілері:

Дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар үшін:

o    Дара кәсіпкерлердің өзін қоса алғанда, қызметкерлердің шекті орташа тізімдік саны салық кезеңі ішінде 30 адамнан аспайтын болса;

o    Салық кезеңі ішінде шекті табысы ең төменгі жалақының 2 044 еселенген мөлшерінен              (57 812 496 теңгеден) аспайтын болса;

o    Салық кезеңі жарты жылдық болып табылады.

  • Оңайлатылған декларация салық төлеушінің тұрған жеріндегі салық органына есепті салықтық кезеңнен кейінгі екінші айдың 15-күнінен кешіктірілмей тапсырылады.
  • Оңайлатылған декларацияда көрсетілген салықтарды бюджетке төлеу жеке (корпоративтік) табыс салығы мен әлеуметтiк салық түрiнде есепті салықтық кезеңнен кейiнгi екінші айдың 25-күнінен кешіктірілмей жүргiзiледi.
          Бұл ретте жеке (корпоративтік) табыс салығы – оңайлатылған декларация бойынша есептелген салық сомасының 1/2 мөлшерiнде, әлеуметтiк салық "Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес есептелген Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қорына әлеуметтiк аударымдар сомасын шегергендегі оңайлатылған декларация бойынша есептелген салық сомасының 1/2 мөлшерiнде төленуге жатады.
          Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қорына әлеуметтiк аударымдар сомасы әлеуметтiк салық сомасынан асып кеткен кезде әлеуметтiк салық сомасы нөлге тең деп есептеледі.
  • Оңайлатылған декларацияда төлем көзінен ұстап қалатын жеке табыс салығының және әлеуметтік төлемдердің бюджетке төленуге жататын сомалары көрсетіледі.