Жарияланған күні: 04.05.2015 11:01
Өзгертілген күні: 14.11.2018 17:57

574-бап Қоршаған ортаға эмиссияны жүзеге асыратын тұлғалар төлемақы төлеушілер болып табылады.

Қоршаған ортаға эмиссия үшiн төлемақы Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасына сәйкес жүзеге асырылатын арнайы табиғат пайдалану тәртiбiмен қоршаған ортаға эмиссия үшiн алынады.

Төлемақы сомасын төлеушілер қоршаған ортаға нақты эмиссия көлемдерiн және белгіленген төлемақы мөлшерлемелерін негiзге ала отырып есептейдi. Декларация салық органдарына:

1) мемлекеттік тіркеуге жататын ластаудың жылжымалы көздерi бойынша – мұндай тіркеуді жүргізу кезінде уәкілетті мемлекеттік орган айқындайтын жылжымалы көздерді тіркеу орны бойынша; 

2) мемлекеттік тіркеуге жатпайтын ластаудың жылжымалы көздері бойынша – салық төлеушінің тұрған жері бойынша тапсырылады.

Төлемақы төлеушiлер декларацияны тоқсан сайын, есептi тоқсаннан кейiнгi екінші айдың 15-күнінен кешiктiрмей тапсырады.

Қоршаған ортаға нақты эмиссиялар көлемi үшiн төлемақының ағымдағы сомаларын төлеушiлер есептi тоқсаннан кейiнгi екінші айдың 25-күнінен кешiктiрмей енгізедi.