Жарияланған күні: 15.02.2019 13:35
Өзгертілген күні: 15.02.2019 13:36

Шағын және орта бизнес субъектілерінің назарына!

 

Қазақстан Республикасы Қаржы министінің 16.08.2018 жылғы №758 бұйрығына сәйкес, келесі кәсіпкерлік қызметінің субъектілері онлайн бақылау-касса машиналарын қолдануға міндетті:

Кәсіпкерлік қызметінің 323 түрімен айналысатын кәсіпкерлер 2019 жылдың 1 сәуірінен бастап. Оның ішінде негізгі түрлері: такси қызметі; автобуспен тасымалдау; тасымалдау қызметі; кірпіш өндіру; көлік және жеңіл көліктерді жалдау және жалға беру; ғимараттардың құрылысы; әрлеу жұмыстары; нан өнімдерін өндіру; компьютерлерді жөндеу және т.б.

 Кәсіпкерлік қызметінің 86 түрімен айналысатын кәсіпкерлер 2019 жылдың 1 шілдесінен бастап. Оның ішінде негізгі түрлері: көтерме сауда; әр түрлі бөлшек сауда; кең ассортименттегі тауарлардың бөлшек саудасы және басқалар. 

Кәсіпкерлік қызметінің 224 түрімен айналысатын кәсіпкерлер 2019 жылдың 1 қазанынан бастап. Оның ішінде негізгі түрлері: жекеменшік жылжымайтын мүліктерді басқару және жалға беру; мектепке дейінгі (бастауыш) білім беру және басқалар. 

Патент негізінде және бірыңғай жер салығы негізінде кәсіпкерлік қызметімен айналысатын кәсіпкерлер 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап.

          Деректерді беру функциясы бар бақылау-касса машиналары бойынша толық ақпаратты http://kgd.gov.kz/ru ресми сайтынан алуға болады.

 

Қызылорда облысы бойынша

Мемлекеттік кірістер департаменті

235148