Дата публикации: 29.09.2015 11:45
Дата изменения: 07.10.2015 11:25

         2015 жылдың 11 ақпанында  Қызылорда облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінде мемлекеттік органның тарапынан жүргізілген сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес нәтижесін арттыру,  заңдылықтардың мүлтіксіз  сақталуы  мен заң талаптарын түсіндіру мақсатында техникалық оқу өткізілді. Бұл іс-шараға Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінен арнайы өкіл шақыртылды.

DSCN0303.JPG            Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Қызылорда облысы бойынша департаментінің консультанты Т.Н. Примова өз сөзінде, алдымен Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы қабылданғанын жеткізді. Оның негізгі мақсаты мемлекеттің   сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының тиімділігін арттыру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қозғалысқа бүкіл қоғамды тарту мен сыбайлас жемқорлық деңгейін барынша төмендету болып табылады. Сондықтан Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің алдында мемлекеттің күші мен қоғамды біріктіре отырып, кадрлық саясат пен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылды тиімді жүзеге асыру, елімізде оған қарсы мәдениетті қалыптастыру, сонымен қатар, кінәлілерді жазалау ғана емес, сыбайластықтың пайда болу шарттарын, себептерін анықтау міндеттері тұрғанына тоқталды. Сыбайлас жемқорлықтың көп пайда болатын жерлері құжатты орындаушылар мен азаматтармен тікелей араласу болып табылатындығына, сондықтан сыбайлас жемқорлық көріністерін төмендету үшін,  тікелей қарым-қатынассыз құжаттар беруге байланысты, қызметтер көрсету жұмысына ерекше көңіл бөлу қажет. Бұл ретте мемлекеттік қызметшілердің жауапкершілігін көтерумен қатар, олардың әлеуметтік кепілдіктерін де жетілдірілуі қажеттігіне, жас мемлекеттік қызметшілерге  осы уақыттан бастап мінез-құлықтың сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттарын енгізу, қазақстандық патриотизм және сыбайлас жемқорлықты қабылдамау рухында тәрбиелеу маңыздылығын жеткізді. Қазіргі уақытта қомақты параны ұсынушылар саны мен қоғамда «тұрмыстық» жемқорлықты ойланбай жасаушылар да азаймай отырғанына баса назар аударды. Сонымен қатар, азаматтардың белсенді ұстанымына және әрбір азаматтың оған белгілі болған сыбайлас жемқорлық қылмыстары туралы Агентікке «14-94» санды сенім телефонына хабарлай алатындығы түсіндірді. Әрбір мемлекеттік органдар өздеріндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін, қатерлерін анықтау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы сауаттандыру жұмыстарын жүргізіп отыру қажеттігіне тоқталды.

DSCN0319.JPG            Келесі сөз адам ресурстары басқармасының персоналмен жұмыс бөлімінің басшысы М.Оралбаеваға берілді. Ол, Қазақстан Республикасы «Қаржы министрлігінің мемлекеттік қызметшілерінің қызмет этикасы» қағидаларымен осыған дейін де таныстырылғандығына тоқталды. Дегенмен, ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінен берілген тапсырмаға сәйкес, әрбір қызметкер жалпы танылған қызмет этикасы нормаларын сақтау керектігін айта келіп, мемлекеттік қызметкердің моральдық-этикалық бейнесіне қойылатын талаптарды атап өтті.

    Мұнан кейін сөз алған,  адам ресурстары басқармасының басшысы М. Жаденов, Қазақстан Республикасы «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Заңында көрсетілген талаптарды атап өтті. Аталған заңның принциптерін, өтініштерді қабылдау, тіркеу және есепке алу, өтініштерді қарау мерзімдері, берілетін жауаптартарға қойылатын талаптарға жан-жақты тоқтады. Сөз соңында жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзу  Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауаптылыққа әкеп соғатындығын жеткізді.