Дата публикации: 21.05.2018 15:24
Дата изменения: 21.05.2018 15:24

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi Мемлекеттiк кiрiстер комитетінiң құрылғанына төрт жылдай уақыт  болды. Мекеменiң құрылымына мемлекеттiң экономикалық қауiпсiздiгінiң маңызды құрамдастары - салық, кеден қызметi, сондай-ақ, экономикалық тергеулер қызметі бiрiктірілген. Қайта ұйымдастырылған мемлекеттiк органның алдына қысқа және ұзақ мерзiмдi мiндеттер қойылған. Сол міндеттердің ең бастысы - салықтарды оңай және қолайлы төлейтін табысты бизнес-ортаны қалыптастыру. 

Бұл мiндет «Қазақстан-2050» Стратегиялық бағыттарынан туындайды. Ол Қазақ елінің,  әлемнiң дамыған 30 елiнің қатарына кiруiн қамтамасыз ету. Сондықтан  «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының шеңберiнде, бірқатар заңнамалық бастамалардың сегiзі, кеден және салықтық әкiмшiлендіруді жақсартуға бағытталуы бекер емес.

Бірінші кезекте, салық және кедендік әкімшілендіру жөніндегі заңнамаға, тиісті өзгерістер мен толықтырулар енгізудің барысында, салықтық тексерулердi қысқарту және мемлекеттік қызметтер көрсетудi жетiлдiру бойынша шаралар қабылданды. Нәтижесінде, экспорттық-импорттық операциялар кезінде, кеден органдары талап ететін қажетті құжаттар тізімі мен бюджеттік сыныптаманың жартысынан астамы қысқарды. Бизнесті жүргізу үшін, рәсімдерді айтарлықтай оңайлату қажеттігін түсіне отырып, Мемлекеттік кірістер комитеті тұрақты негізде салық есептілігінің нысандарын қайта қарау мен оның тапсырылуын автоматтандыру жұмыстарын үзбей жүргізіп келеді және олардың қарапайымдылығы мен қысқа да нұсқалығына ден қоя отырып,  онда ақпаратты толтырудың мейлінше аз жолдарын қарастырып отыр.

Салық төлеуден жалтаруға және экономикалық қылмыстардың басқа да түрлерiне қарсы әрекет ету, тәуекелдердi басқару жүйесiнiң ақпараттық ресурстарын жаңғырту, енгізу есебі негiзiнде жасалады. Ол аса ірі жиынтық ақпарат көлемiнен тұрады және басқа мемлекеттiк органдардың деректер қорымен ықпалдасқан.

Қабылданып жатқан шаралар адал бизнес өкілдері үшін қолайлы жағдай жасауға бағытталған, осы ретте адал кәсіпкерлердің санын арттырып, заң үстемдігі қағидаларын қамтамасыз ете отырып,  экономиканың дамуы үшiн қолайлы жағдай құру және өткір де ашық бәсекелестік шарттарына бизнесті ынталандыру.

          Сонымен қатар, Мемлекеттік кірістер органдарының ең маңызды бағыттарының бірі, өз қатарында сыбайлас жемқорлықты жою болып табылады. Сондықтан жұмыстың бүгінгі бағыты,  жасалған қылмысты ашу ғана емес, оның алдын алуға да бағытталған. Қызылорда облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті тарапынан сыбайлас  жемқорлықтың  алдын-алу  мақсатында  көптеген іс-шаралар жасалып, жүзеге асырылып келеді.      

Соның бірі - Елбасының 26.12.2014 жылғы № 986 Жарлығымен бекітілген «Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлық стратегиясына» сәйкес, сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың тиімділігін арттыру, сыбайлас жемқорлықтың кез келген көрінісіне «мүлдем төзбеушілік» ахуалын жасау арқылы, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қозғалысқа бүкіл қоғамды тарту және сыбайлас жемқорлық деңгейін төмендету болып отыр.

Бұл ретте, қызметкерлердің құқықтық білімі деңгейін көтеру мақсатында, құқықтық сауаттандыру жұмысынан бастап, халық арасында жемқорлық көріністеріне деген төзімсіздік қасиетке ие  құқықтық мәдениетті қалыптастыру бойынша шаралар жүзеге асырылуда.  

 Қызылорда облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментімен ағымдағы жылдың 4 айында  сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шаралары ретінде, заң бұзушылықтардың алдын-алу, болдырмау және профилактикалық жұмыстар жүргізу және қоғамда сыбайлас жемқорлықтың кез келген көріністеріне мүлдем төзбеушілікті қалыптастыру мақсатында, Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті өкілдерінің қатысуымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы облыс бойынша мобильді тобымен бірлескен семинар-кеңес өткізілсе, Департаменттің өзінің ұйымдастыруымен құрылымдық басқарма басшыларымен және аумақтық Мемлекеттік кірістер басқармаларының басшылары мен олардың орынбасарлары, сондай-ақ Қызылорда қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының бөлім басшыларымен құқықтық оқу мен семинар-кеңестер өткізілді.

Сондай-ақ, күнделікті ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінен келіп түсетін шолу хаттарға талқылау жасалынып, «Келеңсіз көріністер туралы» хабарламалар мен мақалалар,  теріс әрекеттерге жол бермеу мақсатында барлық аумақтық кірістер басқармаларының назарына жеткізіліп отыр.

Қорыта айтқанда, облыс Мемлекеттік кірістер органдарымен бүгінгі күні атқарылып жатқан жағымсыз жемқорлық әрекеттерін болдырмау мақсатындағы нақты істер мен  насихаттау жұмыстары және де жоғарыда аталған іс-шаралардың бұлжытпай орындалуы, мемлекеттік қызметтің беделін арттырып, салық төлеушілер сенімінің толықтай  ақталуын қамтамасыз ету үшін жасалып жатқан пәрменді істер болып табылады. Сыбайлас жемқорлық жасаған азаматтар оның зардабы отбасының  жағдайына кері әсер ететінін түсінуі қажет. Сондықтан әрбір өткізіліп отырған іс-шаралар заң бұзушылыққа, теріс әрекеттерге жол берілмеуіне оң ықпалын тигізері анық.

Әрбір мемлекеттік қызметкер өзіне,  лауазымдық міндеттері түрінде жауапкершілік жүктелгенін ұмытпауы және сыбайлас жемқорлық көріністерін болдырмауы, оның алдын алуға жеке жауапты екенін түсінуі қажет. Осы жағдайда ғана қоғамда жемқорлық құқық бұзушылық пен қылмыстың алдын алуға бағытталған шаралар өз нәтижесін бермек.   

  

 

                                           Қызылорда облысы бойынша

Мемлекеттік кірістер департаменті         

                                           Адам ресурстары басқармасының 

бас маманы  А.Мыханов