Дата публикации: 14.10.2019 13:17
Дата изменения: 14.10.2019 13:17

        Қызылорда облысы бойынша 144 ауылдық округтердің ішінен халқының саны 2000-нан асатын 65 ауылдық округтың салықтық және салықтық емес түсімдері 4-ші деңгейлі бюджетке түседі. Бюджеттің 4-ші деңгейін енгізу нәтижесінде әкімдер жергілікті салықтарды уақтылы алуды, салық базасын ұлғайтуды және ауылдық және кенттік аудандарда кәсіпкерлік қызметті дамытуды қамтамасыз етуге барынша қызығушылық танытады және бұл аудан бюджетінің кіріс бөлігін ұлғайтады, Ауылдық аумақтарды дамыту бағдарламаларын жүзеге асыру үшін қосымша мүмкіндіктер пайда болады. Ағымдағы жылдың  1 қазанына нақты 946,1 млн теңге түсім түсіп, бектілген  823,7 млн теңге болжам 122,4 млн теңгеге артық немесе 114,9 % орындалды.

Қызылорда облысы бойынша МКД

Өндірістік емес төлемдер басқармасы