Дата публикации: 15.03.2018 10:28
Дата изменения: 27.03.2018 17:05

        Қызылорда облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні мерекесіне арналған салтанатында ардагерлерге құрмет көрсетілді.

        Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті Төрағасының Құрмет грамотасымен облыстың кеден саласының ардагерлері Алтынай Исақызы Ниязова, Эльвира Минвалиевна Арапова және қаржы полициясы органдарының ардагерлері Сарсенкуль Абылдаевна Жанайдарова  мен  Роза Зәкірқызы Алпысбаева  марапатталды.

         Астанадан жеткен құттықтауларды тапсырып тұрып, Департамент басшысы Серік Жолдасбекұлы  Мұстафаев ардагерлерге ұзақ жылдардағы сіңірген еңбегі мен тәжірибесі үшін алғыс білдіріп, денсаулық тіледі.

         Департаменттің кәсіподақ комитетінің төрайымы Мария Раимбекқызы Искакова қоғамдық шараларда белсенділік танытқан бір топ қызметкер қыз-келіншектерді Облыстық салалық кәсіподақтар комитетінің Құрмет грамотасымен  марапаттап, ақшалай сыйақы тапсырды.

          Департаменттің жігіттер жағы көктемнің алғашқы мерекесінде әріптестерді  әнмен әлпештеп, мәжіліс залының төрін күлкіге толы көріністермен көркемдеп, жырдан шашу шашты.

 

Б.Орданова,

Түсіндіру жұмыстары басқармасының бас маманы