Дата публикации: 08.02.2021 13:42
Дата изменения: 08.02.2021 13:42

           Елімізде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл тәуелсіз мемлекетіміздің даму бағытындағы негізгі жеті басымдықтың бірі. Сыбайлас жемқорлық экономикалық заңдардың іс – әрекеттерін төмендетеді және әлемдік қауымдастықтың алдында елдің беделін түсіреді, тиімді шетел инвестиция жолында басты кедергі болып табылады. Адал, әлеуметтік бағытталған бизнес нарықтан ысырылады, мұндай бизнесті тиімсіз етеді және экономиканың дамуына кедергі келтіреді. Сондықтан сыбайлас жемқорлық мәселесі мемлекет пен қоғамның бүкіл саласына қатысты  сипат алып, бұрынғыдан бетер өзектілене түсуде.

          Жемқорлыққа қарсы күрес – мемлекеттік кірістер органдары жұмысының ең басты мәселелерінің бірі. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің «Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы  іс-қимыл» жөніндегі бағдарламасын орындау туралы  іс-шара жоспары қабылданған.

          Қызылода облысы  бойынша мемлекеттік кірістер департаментінде құқық қорғау және басқа да мемлекеттік органдармен бірлесіп заң бұзушылықтың алдын алу, сыбайлас жемқорлық әрекеттеріне жол бермеу бағытында өз құзіреттері шегінде бірқатар шаралар жүзеге асырылуда.

          Жемқорлықты жоюдың негізгі мақсаттарының бірі – салықтық қызмет алушылармен   тікелей кездесуді азайтып, салықтық қызмет көрсету сапасын арттыру.

         Мемлекеттік кірістер органдарында бүгінгі таңда барлық қажетті қорымен қамтамасыз етілген салық төлеушілерге қызмет көрсету орталықтары қызмет көрсетеді. Салық есептіліктері мен декларацияларын тапсыру негізінен электронды түрде орындалуда.  

Сонымен қатар, мемлекеттік кірістер органдары қызметкерлері мен салық төлеушілердің жеке байланысын болдырмау мақсатында, салықтық әкімшілендіру мен бақылаудың бірнеше процестері автоматты тәртіпке көшірілген.

Сыбайлас жемқорлықты төмендету, онымен пәрменді күрестің жариялылығын қамтамасыз ету мақсатында сенім телефондары, арыз –шағым, ұсыныс – пікір жәшіктері жұмыс жасауда. Онда халықтың өз арыз – шағымдарын, ұсыныстарын білдіруге, көкейдегі сұрақтарын орналастыруға мүмкіндігі бар.

Салықтық қатынастағы сыбайлас жемқорлық әрекеттерді болдырмау, алдын алу мақсатында мемлекеттік кірістер органдарының web-сайтында «Электронды шағым кітабы» ашылып, салық төлеушіге электронды пошта арқылы арақашықтықтан мемлекеттік кірістер органдарының лауазымды тұлғаларының  әрекетіне шағымдану және оларды жою  бойынша шұғыл түрде шаралар қабылдап, тиісінше арызданушының қаралу нәтижесі туралы ақпаратты алуға мүмкіншілік жасалған.

Мемлекеттік кірістер органдарының стратегиялық даму бағыттарын жүзеге асыруға және өз құзіреті шегіндегі Қазақстан Республикасының экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етуде мемлекеттік кірістер органдары қызметкерлерінің тарапынан өздерінің іс – қимылымен мемлекеттік биліктің беделін нығайтуға, қоғамның сеніміне ие болуға бағытталған жұмыстары жүйелі жалғасын таба бермек.

 

Қызылорда облысы бойынша

Мемлекеттік кірістер департаментінің

Камералдық мониторинг басқармасы