Дата публикации: 21.09.2021 13:31
Дата изменения: 21.09.2021 13:31

Мемлекеттік кірістер органдары, Қазақстан Республикасы 25.12.2017 жылғы №120-VI "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Кодексінің (Салық кодексі) 658-бабына сәйкес, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасымен жасалған еңбек шарттары бойынша алынған кірістерінен бейрезидент-еңбекші көшіп келушілер салықтық кезеңі ішінде жеке табыс салығы бойынша алдын ала төлем жүргізіледі.

Жеке табыс салығы бойынша алдын ала төлем республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1-қаңтарына қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің (бұдан әрі-АЕК) 2 еселенген мөлшерінде бейрезидент-еңбекші көшіп келушінің рұқсатты алуға өтінішінде көрсеткен тиісті кезеңнің жұмыстарын орындаудың, қызметтерін көрсетудің әрбір айы үшін есептеледі.

Осы орайда, салық базасын ұлғайту, қосымша кіріс көзін табу мақсатында аталған тұлғалармен камералдық бақылаудың нәтижесінде бюджетке 2021 жылдың 1 тамызына 219,9 млн теңге түсіммен қамтамасыз етілді.

 

Камералдық мониторинг

басқармасының бас маманы

А.Садыков