Дата публикации: 08.11.2019 19:19
Дата изменения: 08.11.2019 19:19

Бірыңғай жер салығын 11 қарашадан  кешіктірмей төлеу қажет

                   Шаруа немесе фермер қожалықтары  2019 жылдың 1 қантарынан бастап 1 қазанына дейін кезең үшін есептелген бірыңғай жер салығы 2019 жылғы 11 қарашадан    кешіктірілмей төлеу қажет екендігін  хабарлайды.

           Бірыңғай жер салығын төлеу жер учаскесінің орналасқан жері бойынша бюджетке жүргізіледі. Бірыңғай жер салығынан басқа,  шаруа  немесе фермер қожалықтары  төлем көзінен ұсталатын, жеке табыс салығы мен әлеуметтік төлемдерін  төлейді. Олар бойынша төлем ай сайын есепті айдан кейінгі айдың 25-күніне дейін жүргізіледі.

           Салық және бюджетке төленетін міндетті төлемдерді "электрондық үкімет" веб-порталында төлеуге болады (еGov.kz) (авторизациялау және электрондық цифрлық қолтаңбамен қол қою қажетсіз).

           Ол үшін  «Салық және қаржы» - «Төлемдер» - «Салықтарды және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеу» бөліміне өтіп, «Онлайн төлеуге» басу арқылы қызметке тапсырыс беру қажет. Салық төлеушінің ЖСН/БСН,  мемлекеттік кірістер органының атауын, төлем сомасын, бюджеттік жіктеу кодын  енгізгеннен кейін, жүйе автоматты түрде салық төлеу бөліміне ауысуды ұсынады. Толық рәсім аяқталғаннан кейін, төлеу фактісін растайтын электрондық чек ұсынылатын болады.  

 Өндірістік емес төлемдер басқармасы