Дата публикации: 31.05.2018 12:54
Дата изменения: 31.05.2018 12:54

Барлық бизнес процесстерді цифрландыру соңғы кезде әлемдік трендке айналуда және осы тенденцияны мемлекеттік кірістер органдары да тиімді қолданып отыр.

Сыбайлас жемқорлық көріністерін анағұрлым төмендету бағытында,  көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді электрондық форматқа көшіру, бизнес процесстерді оңтайландыру және ұсынатын құжаттарды азайту бойынша  заңнамаға бірқатар өзгерістер енгізілген.

Соның ішінде, алкоголь өнімдерін көтерме және бөлшек саудада өткізуге лицензия алу бойынша көрсетілетін мемлекеттік қызметке де өзгерістер енгізілді. Атап айтсақ, қазіргі таңда алкоголь өнімдерін көтерме және бөлшек саудада өткізуге лицензия алу үшін бірқатар талаптар мен құжаттар оңтайландырылған, сәйкестендіру талаптарын анықтау үшін тексеру жүргізілмейді, сауда объектісінің техникалық құжаты және ылғалдылық анықтайтын құрылғылардың құжаттарын ұсыну қысқартылды.

Және, лицензиат лицензия алғаннан кейін мемлекеттік кірістер органдарында тіркеуге тұру міндеттемесі жойылып, «Бір терезе» қағидасымен кірістер органдарымен сауда объектісі орналасқан жері бойынша автоматты түрде тіркелетін болды.

Қазіргі таңда, Қызылорда облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментімен көрсетілетін алкоголь өнімдерін көтерме және бөлшек саудада өткізуге лицензия беру бойынша мемлекеттік қызмет 100 пайыз электронды форматта жүргізіледі.

Жоғарыда көрсетілген өзгерістер, сыбайлас жемқорлық көріністерін төмендетуімен бірге кәсіпкерлік субъектілерінің дамуына жаңа қарқын береді.

Қажет емес құжаттарды жинақтауға уақытын үнемдеп және көрсетілген мемлекеттік қызметтерді үйден немесе офистен интернет байланысы арқылы  «Электрондық үкімет» веб-порталы немесе «Азаматтарға арналған үкімет» Республикалық мемлекеттік кәсіпорыны арқылы құжаттарды жолдауға және дайын шығыс құжатын үйден шықпай-ақ  алуға мүмкіндік бар.

Әсіресе, бұл мүмкіндік шалғайда орналасқан елді мекендер мен ауылдағы кәсіпкерлік субъектілеріне  қолайлы болып отыр.

         Мұндай мүмкіндіктер, өз кезегінде, қоғамдық індет – сыбайлас жемқорлықтың алдын алу  және жоюға өз септігін тигізеді. 

Қ.Айтбаев,

Қызылорда облысы бойынша

Мемлекеттік кірістер департаментінің

 бөлім басшысы