Дата публикации: 23.10.2019 19:14
Дата изменения: 23.10.2019 19:14

Қызылорда облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті, 28-қазан 2019 жылы сағат 10:00-де онлайн бақылау-касса машиналарын өндірушілердің қатысуымен  жалпы республикалық Ашық есік күні өтетіндігін хабарлайды.

Акция барысында кәсіпкерлік қызмет субъектілеріне арналған кассалық аппараттың түрлері, онлайн кассалық аппараттардың құны,  тіркеу жолы мен қолдану тәсілі,   бақылау-касса машиналарын қолдану міндеттілігі  туралы толық мәлімет берілетін болады.

Өткізілетін орны:  Қызылорда қаласы, Тоқтыбаев көшесі н/з «Қорқыт ата» сауда үйі. Анықтама телефоны: 23-88-10.