Дата публикации: 18.06.2019 16:24
Дата изменения: 18.06.2019 16:24

«Кедендік реттеу туралы» ҚР Кодексінің (бұдан әрі - Кодекс) 426-бабына сәйкес, кеден органдары кедендік бақылау жүргізу кезінде декларанттан, тасымалдаушыдан, кеден ісі саласындағы қызметті жүзеге асыратын тұлғалардан және өзге тұлғалардан кедендік бақылауды жүргізу үшін қажетті құжаттарды және (немесе) мәліметтерді сұратуға, ал Кодексте белгіленген жағдайларда  -  талап етуге, сондай-ақ сұрау салынатын (талап етілген) құжаттарды және  (немесе) мәліметтерді ұсыну үшін жеткілікті болуға тиіс оларды ұсыну мерзімін белгілеуге құқылы.

         Кодекстің 410-бабы бойынша, кеден органы коммерциялық, бухгалтерлік құжаттарды, тауардың шығарылған жеті туралы сертификатты және (немесе) өзге құжаттарды және (немесе) мәліметтерді, оның ішінде кедендік декларацияда мәлімделген тексерілетін мәліметтердің және (немесе) өзге құжаттардағы мәліметтердің анықтығы мен толықтығын анықтау үшін қажетті жазбаша түсініктерді мынадай жағдайларда:
1) кедендік декларацияны беру кезінде ұсынылған не осы баптың 2-тармағына сәйкес, ұсынылған құжаттарда қажетті мәліметтер болмаса немесе мәлімделген мәліметтер тиісті түрде расталмаса;

2) кеден органы Еуразиялық экономикалық одақтың кеден заңнамасының, Қазақстан Республикасының кеден және өзге заңнамасының ережелерін сақтамау белгілерін, оның ішінде мұндай құжаттардағы мәліметтердің анық еместігін анықтаса, сұратуға құқылы.

 Қызылорда облысы бойынша МКД

Кедендік бақылау басқармасының

бас маманы Бейбіт Шәдіұлы Қиянбеков