Дата публикации: 21.09.2021 13:16
Дата изменения: 21.09.2021 13:16

ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті Салық кодексінің 86-бабының алынып тасталуына байланысты (2020 жылғы 01 қаңтарға дейін қолданыста болған) нормативтік құқықтық актілерді «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне (бұдан әрі-Салық кодексі) өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен енгізілген өзгерістерге сәйкес келтіру мақсатында заңға бағынысты актіге өзгеріс енгізілуде.

Бұл ретте, электрондық салық төлеуші ұғымы Салық кодексінде көзделген және қолданыстағы редакцияда Салық кодексінің 1-бабы 1-тармағының 73-тармақшасында регламенттелген.

Осыған байланысты «Тұлғаны кедендік декларацияға қатысты кедендік, өзге де құжаттарға және (немесе) мәліметтерге, кедендік декларацияда мәлімделген мәліметтерді растайтын құжаттарға, кедендік декларацияда мәлімделген және (немесе) тауарлар шығарылғаннан кейін басталған мемлекеттік кірістер органдарына ұсынылған құжаттарда қамтылған мәліметтерге, сондай-ақ осындай тексеруді жүргізу нәтижелері туралы хабардар ету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 26 ақпандағы № 292 бұйрығының жобасына өзгерістер әзірленіп, енгізіледі.