Дата публикации: 07.10.2019 12:34
Дата изменения: 07.10.2019 12:34

Бүгінде, облысымызда елдегі белгіленген төмен салықтық мөлшерлемелерге қарамастан бюджетке салық төлеуден түсетін табысын төмендетіп отырған салық төлеушілер баршылық.

Кәсіпкерлерлің  жасырын табыстарын  күнгейге шағару мақсатында, су жүйесімен, газбен, жылумен, электр энергиясымен жабдықтау қызметтерін көрсететін мекемелерден алынған деректер негізінде, осы қызметті пайдаланушы  үшінші тұлғалардың  бірыңғай деректер қоймасы қалыптастырылды.

Бұл ретте,  кәсіпкерлік бағытта коммуналдық  қызметтерді  пайдаланған жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар салық есептіліктерінде  табыстарын "0"-дік көрсеткішпен немесе қызметтерді пайдалануға кеткен шығынынан  төмен көрсетіп отырғандары анықталып, камералдық бақылау нәтижесімен  бюджетке 156 млн. теңге қосымша салықтар түсірілді. 

Яғни, кәсіпкерлік қызметке жүргізілген  талдау жасырылған кірістерді бастапқы сатысында анықтауға мүмкіндік берді.

 

Қызылорда облысы бойынша

Мемлекеттік кірістер департаменті