Дата публикации: 08.11.2019 11:48
Дата изменения: 08.11.2019 11:48

   Құрметті салық төлеуші!

            2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап жеке кәсіпкерлердің патент негізінде арнаулы салық режимін қолдану жөніндегі талаптарды өзгерту бөлігінде салық кодексінің нормалары күшіне енеді.

             Осылайша, Салық кодексімен 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап қызмет түрлерінің шектеулі тізбесі енгізіледі (32 түрі), оларды жүзеге асыру кезінде патентті қолдану құқығы сақталады.

            Қызмет түрі рұқсат етілген тізбеге енгізілмеген салық төлеушілер салық салудың көрсетілген режимдерінің біріне көшуі керек:

            - оңайлатылған декларация негізінде немесе тіркелген шегерімді пайдалана отырып арнаулы салық режимі;

            - салық салудың жалпы белгіленген тәртібі.

            Патент режимін қолданатын дара кәсіпкерлер патенттен басқа салық режимдеріне көшу үшін салық салу режимін таңдауды анықтау және салық органдарына электронды түрде (салық төлеушінің кабинеті арқылы) немесе қағаз тасығышта хабарлама (салық салудың қолданылатын режимі туралы хабарлама)  жіберу қажет.

            Бұл ретте мұндай дара кәсіпкерлер хабарламаны дұрыс рәсімдеу үшін таңдалған салық салу режимін, ал себебі ретінде, күнін міндетті түрде көрсете отырып, патентті қолдану шарттарына сәйкес келмейтінін, 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап көрсетуі қажет.

            2020 жылдың 1 қаңтарына дейінгі мерзімде  хабарлама  ұсынылмаған жағдайда салық төлеуші жалпыға бірдей белгіленген тәртіпке автоматты түрде ауысады және бір жылға дейін басқа арнаулы салық режимдерін таңдау құқығынан айырылады.

            АСР қолданудың артықшылықтары

            Кәсіпкерлер арнаулы салық режимдерін қолданатын және микро - немесе кіші кәсіпкерлік субъектілері болып  танылатын кәсіпкерлер Мемлекет басшысының  2 қыркүйектегі 2019 жылғы «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеудің негізі» атты Жолдауын  жүзеге асыру шеңберінде табыстан салықтарды төлеуден  үш жыл мерзімге босатылады.

            Сонымен қатар, есеп жүргізудің  және    салық  есептілігін ұсынудың,бухгалтерлік есеп жүргізуден босатудың  оңайлатылған тәртібі сақталады.

            2020 жылдың 1-қаңтарынан бастап патент үшін арнаулы салық режимі негізінде жүзеге асырылатын қызмет түрлерінің Тізімі:

 сылақ жұмыстары;  ағаш шеберлігі және ағаш ұстасы жұмыстары;  еденге жабын төсеу және қабырғаларды қаптау жұмыстары;  сырлау және шыны жұмыстары;  такси қызметі;  автомобиль көлігімен жүк тасымалдау;  сыйақы үшін немесе келісімшарт негізінде жылжымайтын мүлікті басқару;  фотография саласындағы қызмет;  аударма (жазбаша және ауызша) ісі;  мүліктік жалдауға (жалға) беру;  автокөлікті жалға алу және жалға беру; ойын-сауық және спорттық құрал-саймандарды жалдау және жалға алу; бейне жазбалар мен дискілерді жалға беру;  жеке тұтынатын өзге заттарды және тұрмыстық тауарларды жалға беру және жалға алу;  ауыл шаруашылығы техникасы мен жабдықтарын жалға алу және жалға беру;  өзге де кеңсе машиналарын және жабдықты жалға алу және жалға беру; спорттық білім және бос уақытты ұйымдастыратын мамандар білімі;  мәдениет саласындағы білім беру;  басқа санаттарға енгізілмеген білім берудің өзге түрлері; қосалқы білім беру қызметі;  өнер саласындағы қызмет;  компьютерлер мен шалғай жабдықтарды жөндеу;  коммуникациялық жабдықтарды жөндеу; жеке тұтынатын заттарды және тұрмыстық тауарларды жөндеу;  шаштараздардың қызметтері; маникюр мен педикюр қызметтері;  ветеринарлық қызмет;  жер өңдеу бойынша қызметтер; тұрғын үй ғимараттарын тазалау, жинау бойынша қызметтері;  базарлардағы, бекеттердегі тасушылардың қызметтері;  музыкалық аспаптарды жасау және жөндеу қызметтері;  үй жануарларын жайылымда бағу.

 Қызылорда облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті