Дата публикации: 19.04.2021 18:49
Дата изменения: 19.04.2021 18:49

       Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңы талабының аясында жемқорлыққа қарсы іс-әрекеттер мемлекеттік кірістер органдарында да  қарқынды түрде жүргізіліп келеді.  

         Жемқорлықты жоюдың негізгі шарттарының бірі, салықтық қызмет көрсетуді электронды түрге көшіру арқылы салық төлеушілермен тікелей кездесуді азайтып, көрсетілетін қызметтің сапасын арттыру  болып табылады.

           Салықтық қызметті электронды түрде көрсету, біріншіден, халыққа жылдам әрі сапалы қызмет ұсынылып, уақытты ұтымды пайдалануға мүмкіндік берсе, екіншіден, жемқорлыққа тәуекелділікті төмендетеді, себебі құжаттарды өңдеуге жауапты лауазымды тұлғалардың салық төлеушілерімен тікелей байланысы болмайды.

Мәселен, ҚР «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Салық кодесінің 101-бабымен салықтың, бюджетке төленетін төлемнің, өсімпұлдың артық төленген (өндіріп алынған) сомасын есепке жатқызу және қайтару тәртібі белгіленген.

Осы есепке жатқызу және қайтару шараларын толықтай электронды түрде жүргізу қарастырылған. Ол үшін «Салық төлеушінің кабинеті» АЖ-і арқылы электронды түрде салықтық өтініш жолданылуы тиіс.

Салық төлеуші салықтық қызмет алудағы заңмен белгіленген тәртіптері мен құқықтарын білуі тиіс.

         Осы орайда, салық заңдылығына соңғы енген өзгерістер, салық төлеушілерге көрсетілетін қызметтер, оның ішінде артық төленген (өндіріп алынған) соманы есепке жатқызу және қайтару тәртібі жайлы Департаменттің әлеуметтік желілері мен интернет парақшалары арқылы  насихаттау жұмыстары жүргізілуде.

         Бүгінгі таңға облыс көлеміндегі артық төленген (өндіріп алынған) соманы есепке жатқызу және қайтару жөніндегі электронды түрде келіп түскен өтініштерді қарау, белгіленген бес жұмыс күні ішінде жүргізілуі қамтамасыз етіліп келеді.

         Қорыта айтқанда, Мемлекеттік кірістер органдарымен бүгінгі таңда атқарылып жатқан жемқорлық әрекеттерін болдырмау мақсатындағы нақты істер мен  насихаттау жұмыстары мемлекеттік қызметтің беделін арттырып, салық төлеушілер сенімінің толықтай  ақталуын қамтамасыз ету үшін жасалып жатқан пәрменді істер болып табылады.