Дата публикации: 28.01.2019 17:00
Дата изменения: 28.01.2019 17:00

         Қызылорда облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті алаңында, ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті және «Нұр жолы» Одағы арасындағы өзара түсіністік және ынтымақтастық туралы Меморандумды іске асыру бойынша Жоспарының 5-тармағына сәйкес, «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы, «Нұр Отан» партиясы және өңірдің сыртқы эхкономикалық қызметке қатысушы тұлғалары  қатысуымен, «Мөлдір кеден» акциясы шеңберінде«Ашық есік» күні өткізілді.

Іс-шара барысында, қатысушылар «Қызылорда-КРО» кеден бекетінде «Астана-1» АЖ-де тауарларды рәсімдеу және кедендік операцияларды жүзеге асыру барысымен танысып, Департамент көлемінде жүргізіліп отырған сыбайлас жемқорлықтың алдын алу шаралары бойынша ақпарат алды.

          Акция барысында, қатысушылармен «Астана-1» АЖ-де тауарларды рәсімдеу қызыл дәлізгет үскен жағдайда, кедендік жете тексерудің жүргізілу барысын бақылауды, «Атамекен» ҰКП-сы, «Нұр Отан» партиясы және басқа да қоғамдық ұйымдар қадағалаушыларының қатысуымен жүзеге асыру келісілді.

Одан әрі, «Нұр Отан» партиясының партиялық бақылау мүшелері мен  қатысушылар  тараптарынан туындаған сұрақтарға жауаптар беріліп, облыстық телеарнаға сұхбат берілді.

 

Т.Төлегенов,

 Қызылорда облысы бойынша МКД

Кедендік бақылау басқармасының

бас маманы