Дата публикации: 11.02.2021 12:46
Дата изменения: 11.02.2021 12:46

Бүгінгі таңда ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті порталының «eSalyq Azаmat» мобильді қосымшасында «Салық әмияны» қызметі іске қосылған. Қосымшаны App Store және Play Market жүктеп алуға болады.

«Е-Salyq Azаmat» мобилді қосымшасы арқылы:

- жеке тұлғалар мен жеке кәсіпкерлер «Салық әмиянын» толтыру арқылы

  балама салық төлеуге;

- бірыңғай жиынтық төлемін (БЖТ) аударуға;

- ағымдағы және алдағы бюджетке тиесілі салық міндеттемелері жайлы әр  

  мемлекеттік кірістер органы бойынша ақпарат алуға;

- «артық төлемді басқару» арқылы артық, қате төленген салықты және

  бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді бюджеттен қайтарып алу

  немесе салықтың басқа түріне есепке алуға;

- жеке тұлғалардың салық салу объектілері туралы ақпаратты түзету және  

  жаңарту туралы электронды түрде өтініш ұсынуға мүмкіндік алады.

         Әдетте, салық төлемдерін төлеу барысында реквизиттерді толтыруда қателіктерге жол беріліп, салық сомалары тиісті бет есептерге түспей жатады. Осы ретте,  «Салық әмиянына» қаражат салу арқылы салық сомаларын төлеген тиімді. Себебі, «Салық әмиянына» түскен қаражат, салық міндеттемелері туындаған тиісті салық түрлеріне автоматты түрде енгізіледі. Осылайша, салықтың қате төленуіне жол берілмейді.

         Әрине, алғашында іске қосылған «жаңа дүниеге» сенімсіздікпен қарау  заңды құбылыс. Дегенмен, аталған қосымшаны пайдаланған кез - келген тұлға оның артықшылығы мен тиімділігін бірден байқайды.

         Мемлекеттік қызметтерді оңтайландыру барысындағы қолға алынған бұл іс-шаралар салық төлеушінің уақытын үнемдеумен қатар, халық пен қызметкердің тікелей байланысын азайтуға және өз кезегінде сыбайлас жемқорлықтың алдын - алуға  оң ықпалын тигізеді.

                                                                        Қызылорда облысы бойынша МКД  Мемлекеттік  

                                                                           қызмет көрсету басқармасы