Дата публикации: 27.05.2019 15:19
Дата изменения: 28.05.2019 19:47

Қызылорда облысының  әкімі Қ.Е.Көшербаевтың төрағалығымен аймағымыздағы салық салу базасын кеңейту мәселелері жан-жақты талқыланған жиын өтті.  Онда, Қызылорда облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы Ғалымжан Орынов  2019 жылдың осы кезеңіне дейін бюджет тайқазанын толтыру бағытында атқарылған жұмыстарды саралап, қалыптасқан проблемаларға егжей-тегжейлі тоқталды.  Департамент басшысы Ғ.Орынов көлеңкелі экономиканы төмендетудің тиімділік шараларын қабылдау арқылы мемлекеттік кірістер органы қызметіне қоғамның қанағаттанушылығын арттыру бағытында жұмыс жүргізілетіндігін атап өтті.

Аймақ басшысы жиынға қатысушы сала басшыларына өз кезегінде бюджетті толтыруды қамтамасыз ететін іс-шараларды бірігіп күш жұмсау арқылы орындауды бақылауға алуды тапсырды.

Қызылорда облысы бойынша МКД

Түсіндіру жұмыстары басқармасы Тел. 23-55-45