Дата публикации: 19.11.2019 19:29
Дата изменения: 19.11.2019 19:29

           Бірыңғай жер салығын төлеу негізінде шаруа немесе фермер қожалықтарына арналған арнаулы салық режимін  қолданатын  салық  төлеушілер  назарына !

           Қәзіргі уақытта бірыңғай жер салығын есептеуде  салық салу объектісі  - жер учаскесінің бағалау құны болса, 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап салық салу объектісі оңайлатылған декларациядағы сияқты  - табыс болады.  Салықтық мөлшерлеме табыстан  0,5 % құрайды.

         2020 жылғы 1 қаңтардан бастап, шаруа немесе фермер қожалықтары  қолма-қол ақша және (немесе) төлем карточкаларын пайдалана отырып есеп айырысулар кезінде  онлайн БКМ қолдануы тиіс.

         Сондай-ақ, арнаулы салық режимін қолданатын және микро немесе шағын кәсіпкерлік субъектісі ретінде танылған салық төлеушілер табысқа салынатын салықтан үш жылға босату қарастырылған.

              Осыған байланысты, жеңілдікті пайдаланған жағдайда, шаруа немесе фермер қожалықтары заңнамамен көзделген талаптарды орындауы тиіс екендігіне назар аударамыз, оның ішінде, салықтық есептіліктерді тапсыру, қолма-қол ақша және (немесе) төлем карточкаларын пайдалана отырып есеп айырысулар бойынша  онлайн  БКМ қолдану.

     Қызылорда облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті