Дата публикации: 21.09.2021 13:29
Дата изменения: 21.09.2021 13:29

         2020 жылдың 1-қаңтарынан бастап бизнеске қолдау көрсету мақсатында Елбасының шағын және микрокәсіпкерлік субъектілерін 3 жылға тексеруден босату туралы жарлығы енгізілгендігі белгілі. Аталған субъектілер белгілі бір салық түрлерінен босатылғанымен, салық салу объектісінде қызметін жүзеге асыратын жалдамалы жұмысшылар санын жасыруға жол берілмейтіндігін естен шығармаған жөн.

         Осы орайда, Мемлекеттік кірістер органдарының негізгі мақсаты мен міндеті - мемлекет қазынасын толықтыру, көлеңкелі экономикамен күресу және мемлекетіміздің экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету болып табылатындығын жеткізе отырып, кез-келген бизнес субъектісін салық кезеңінде табыс етілетін салықтық декларацияда жалдамалы жұмысшылар санын толығымен көрсетуге шақырамыз!