Дата публикации: 19.11.2019 17:55
Дата изменения: 19.11.2019 17:55

                                                                        Салықтық  рақымшылық  жалғасуда

      Қызылорда облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті,   2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап жыл аяғына дейін шағын  және орта  бизнес субъектілері  үшін, 01.10.2018 жылғы жағдаймен негізгі төлемнен бересіні 31.12.2019 жылға дейін төлеген жағдайда,салықтық  рақымшылықтың  жүргізіліп  жатқанын  еске салады.

Салықтық рақымшылықты қолдануға жатпайтындар:

-         Мониторингке алынатын ірі салық төлеушілер;

-         Жер асты суларын, емдік балшықты алу құқығына иелік ететін жер қойнауын пайдаланушыларды қоспағанда, жер қойнауын пайдаланушылар;

-         Акцизделетін тауарларды өндірушілер;

         Сондай-ақ,  негізгі қарызы  төленген жағдайда шағын және орта бизнес суъектілеріне  мемлекеттік кірістер органдарына барудың қажеттілігі жоқ,  өсімпұлдар   мен айыппұлдар  салық төлеушінің  өтінішінсіз  есептен  шығарылатындығын  назарларыңызға  саламыз.

         Бүгінгі күнге осы мүмкіншілікті  1293 шағын және орта бизнес өкілдері пайдаланып  426,7 млн теңге өсімпұлы төлеуден босатылды. Бұл  дегеніңіз осынша қаржыны олар  кәсіпкерлігін дамытуға  жұмсай  отырып табыс көлемін  ұлғайтуға мүмкіншілік алып отыр деуге болады.

         Сонымен қатар, оңалту рәсіміндегі және салықтар бойынша төлеу мерзімін ұзартқан салық төлеушілер, бересі сомасын толығымен төлеген жағдайда, өсімпұл мен айыппұл сомаларын есептен шығару туралы арыздарын  аумақтық мемлекеттік  кірістер басқармаларына жолдау қажет.

         Одан бөлек, салықтық рақымшылық пайдалануға мүмкіндігі бар субъектілерінің шеңберін кеңейту мақсатында,  ҚР Қаржы министрінің бұйрығына келесі толықтырулар енгізілген:

         - 2018 жылдың 1  қазанына салықтық тексерулер бойынша есептелген сомалары шағымдануда болғанына байланысты, негізгі қарызы болмаған;

         - 2018 жылдың 1  қазанына салықтық тексерулер нәтижелері туралы  хабарламаның орындау мерзімі келмегеніне  байланысты, негізгі қарызы болмаған;

         - өткен жылдарға қосымша салықтық есептіліктерін  тапсыру есебінен 2018 жылдың 1 қазанынан  кейін негізгі бересі пайда болған салық  төлеушілердің  қолдануға  мүмкіндігі бар.

         Қызылорда  облысы бойынша  Мемлекеттік кірістер  департаменті салықтық рақымшылықтың аяқталуына санаулы күн қалғанын ескертіп, осы мүмкіндікті  пайдалануға шақырады.