Дата публикации: 20.11.2019 15:50
Дата изменения: 20.11.2019 15:50

Шоу бизнес өкілдерін салық төлеуге шақырамыз

Облыс бойынша концерттік және демалыс пен ойын-сауық ұйымдастыру түрлерімен айналысатын 208  шоу бизнес өкілдері мен асабалар  департамент тарапынан жүргізілген жұмыстар нәтижесінде  дара кәсіпкер болып тіркелген.

Облыс төңірегінде орналасқан тойханаларда жергілікті халық отбасылық, ұжымдық мерекелік іс-шараларды өткізіп келеді. Мерекелік іс-шараны жасап жатқан тұлғалар өткізілетін залдың ішін безендіруден бастап, мерекені ұйымдастыратын той орталықтарын, жүргізуші асабаларды, әнші, бишілерді және тағы басқа өнер адамдарын қомақты қаражатқа жалдап жатады.

Безендіру жұмыстарымен айналысатындар, асабалар  орта есеппен  50 мың теңгеден жоғары алса, биші, әншілер ақысы  10 мың теңгеден асып жығылады.

Дегенмен, осы  кейбір шоу бизнес өкілдерінің  тапқан табыстарынан салық төлеуді қаперлеріне алмайтыны өкінішті.

Апта сайын өткізіліп жатырған тойларда ән айтып, би билеп, қыз шығарып салып жүрген белгілі  топтар салық есептілігін "0"-мен тапсырып жүр.

Құрметті шоу бизнес өкілдері!

Қазақстан Республикасы Конституциясының 35 бабында көрсетілген заңды түрде белгіленген салықтарды, алымдарды және өзге де міндетті төлемдерді төлеу борышыңызға адал болыңыз! Егер табысыңызды жасырсаңыз табысқа салынатын салықтан үш жылға босату мүмкіндігінен шектелесіз!

Қызылорда облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті