Дата публикации: 26.09.2019 11:54
Дата изменения: 26.09.2019 11:54

Департамент басшысы Ғ.Қ.Орынов Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті мен «Болашақ» университетінің бітіруші 4-курс студенттерімен кездесуге барды. Кездесу бейресми жағдайда өтті. Кездесудің басты мақсаты – білімді,сауатты мамандарды мемлекеттік кірістер органдарының қатарына тарту, жұмысқа дейін оқу, өндірістік практикадан өтуін қамтамасыз ету.  Кездесу барысында департамент басшысы өз басынан өткен қызмет жолын мысалға келтіре отырып,  мемлекеттік қызметтің мәнін ашып, шектеулерімен таныстырып, адал, мақсатшыл жастарды еліміздің өркендеуіне бірге жұмыс жасауға шақырды.

Сонымен қатар, кездесуге ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің өкілі Б.Нұралы қатысып, мемлекеттік қызметке орналасу тәртібін түсіндірді.

Кездесу соңында Университет мұражайларымен т.ғ.к. А.Ж.Оразбақов таныстырды.

 

Қызылорда облысы бойынша МКД

Түсіндіру жұмыстары басқармасы