Дата публикации: 23.08.2018 16:12
Дата изменения: 23.08.2018 16:12

        «Қазақстан Республикасы Салық қызметі органдарында сыбайлас жемқорлықпен күрес стратегиясы» қабылданып, ағымдағы кезеңге Қызылорда қаласы бойынша Мемлекеттік   кірістер басқармасы осы Стратегияда қаралған бағыттарға сәйкес жұмыстар атқаруда.

          Аталынған Стартегия бойынша сыбайлас жемқорлықпен күресудің негізгі 3 бағыты айқындалған: 

Салық төлемгерлеріне мемлекеттік қызмет көрсетудің бекітілген мерзімдерін сақтау арқылы салық төлемгерлерінің құжаттарын «тездетіп» дайындатудың басқа жолдарынан (пара ұсыну) бас тартқызу.

Салық органдары қызметкерлері мен салық төлемгерлері арасындағы тікелей қатынасты мейлінше азайту.

Қаржы саласы қызметкерлерінің еңбек ақы төлеу тәсілін жетілдіру.   

        Осы көрсетілген бағыттар бойынша Қызылорда қалалық Мемлекеттік   кірістер басқармасында бірқатар жұмыстар атқарылған. Қазіргі кезде салық органдарының салық төлемгерлеріне мемлекеттік қызмет көрсетудің 48 стандарты бекітілген. Салық қызметкерлері осы стандарттардағы  уақыт шектеулеріне сай салық төлемгерлеріне өз қызметтерін көрсетуде.  

       Стартегия бойынша сыбайлас жемқорлықпен күресудің негізгі бағыттарының бірі электронды салық қызметі:

электронды салық қызмет түрлерін көбейтіп, ақпарат қабылдау және өңдеу орталықтарын жаңа технологиялармен жабдықтап сапалы қызмет көрсету бағыты бойынша Қызылорда қалалық Мемлекеттік   кірістер басқармасында салық төлемгерлеріне арналған  электронды терминал қызмет көрсетуде.

        Ағымдағы кезеңге Қызылорда қаласы бойынша салықтық тіркеуде тұрған салық төлемгерлерінің 100 пайызы салық есептілігін «электронды» түрде тапсырады.

 

 

Қызылорда қаласы бойынша

Мемлекеттік   кірістер басқармасының

бас маманы Жонбаева А.