Дата публикации: 20.10.2021 15:24
Дата изменения: 20.10.2021 15:24

Тауарларға ілеспе жүкқұжаттарды ресімдеу жөніндегі пилоттық жобаны іске асыру қағидалары мен мерзімдерін бекіту туралы Қазақстан Республикасы 16.11.2020 жылғы №1104 бұйрығына сәйкес 01.10.2021 жылдан бастап тауарларға ілеспе жүкқұжаттарды енгізу жөніндегі пилоттық жобаны жүргізу аяқталып акцизделетін тауарларға және Қазақстан Республикасына тауарларды әкеліге/әкетуге тауарларға ілеспе жүкқұжаттарды ресімдеу заңды күшіне енеді делінген.

Алайда тауарларға ілеспе жүкқұжаттарды міндетті енгізуге дайындау үшін қосымша уақыт беру туралы бизнес-қоғамдастықтың келіп түскен ұсыныстарына байланысты акцизделетін тауарлар, ЕАЭО шеңберінде импорт/экспорт және «Виртуалды қойма» тауарлары бойынша пилоттық жобаның мерзімдерін 01.04.2022 жылға дейін ұзарту туралы шешім қабылданды.

         Сонымен қатар, 16.09.2021 жылы тауарларды таңбалау және қадағалау мәселелері бойынша өткізілген кезекті кеңесте Қаржы министрлігіне темекі өнімдерін таңбалауды өндірушілер/импорттаушылар және көтерме саудада өткізушілер деңгейінде ғана жалғастыру тапсырылды.

Бұл ретте бөлшек сауда сатушыларына тауарларды 2D сканерлерді сатып алмай және қолданбай таңбалау жөніндегі бірыңғай оператордың ақпараттық жүйесінде алғанын растау жеткілікті болады.

Сондай-ақ алкоголь өнімдерін таңбалау және қадағалау бойынша қолданыстағы пилотты жою туралы шешім қабылданды, бұл ретте нарықтың жосықсыз қатысушылары мен заңсыз өнімдер салықтық және азаматтық бақылау арқылы анықталатын болады.