Дата публикации: 21.11.2019 13:15
Дата изменения: 21.11.2019 13:15

Тәуекел деңгейі  жоғары санатқа енбеу өз қолыңда

Департамент әділеттілік принципіне негізделген тәуекелдерді басқару жүйесіне сәйкес, салық төлеушілерді бірнеше өлшемшарттары бойынша салық төлеуден жалтару тәуекелі төмен, орташа немесе жоғары санатына жатқыза отырып, қашықтықтан салықтық әкімшілендіру шараларын күшейтуде.

Қазіргі уақытта, тәуекел деңгейі жоғары санаттағы салық төлеушілер саны 1574 құрап, 1 жартыжылдықпен салыстырғанда 646 салық төлеушіге  немесе 2,4 есеге көбейіп кеткен.

2019 жылдың 2 жартыжылдығына тәуекел деңгейі жоғары салық төлеушілер келесі аудандарда ең көп шоғырланған:

- Қызылорда қ. – 1080 СТ, немесе облыстағы үлесі 68,6%;

- Шиелі ауданы – 275 СТ, немесе облыстағы үлесі 17,5%;

- Қармақшы ауданы – 75 СТ, немесе облыстағы үлесі 4,8%;

- Жаңақорған ауданы – 63 СТ, немесе облыстағы үлесі 4,0%.

          Демек, осы тәуекелі жоғары 1574 СТ бірінші кезекте салықтық бақылауға алынады және жан-жақты тексеру жүргізіледі.

     Қызылорда облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті