Дата публикации: 23.08.2018 16:10
Дата изменения: 23.08.2018 16:10

Әр мемлекеттің дамуына теріс әсерін тигізетін тежеуіш факторлардың бірі бұл - сыбайлас жемқорлық.

Қазіргі таңда Қызылорда облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінде сыбайлас жемқорлықтың деңгейін төмендету бойынша елеулі іс-шаралар қабылданып, жүзеге асырылуда. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің тұжырымдамалық негізі болып, 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы және «100 нақты қадам» Ұлт Жоспары болып табылады.

Барлық азаматтардың заң алдындағы теңдігі конституциялық қағидатына сәйкес, сыбайлас жемқорлықтың барынша қауіпті нысаны ретінде пара үшін қылмыстық жауапкершілік көзделген. Мемлекеттік қызметте сыбайлас жемқорлық қылмыс пен заңбұзушылық жасаған тұлғаларды мемлекеттік қызметтегі жұмысқа қабылдауға қатаң тиым салынған. Еліміздегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың ең маңызды ерекшеліктерінің бірі бас бостандығынан айыруға қатыссыз қылмыстық-құқықтық механизмдердің енгізілуі болып табылады.

Қазіргі таңда сыбайлас жемқорлық сипатында қылмыс жасаған лауазымды тұлғаларға атқарған лауазымы мен әлеуметтік жағдайына қарамастан, әділ жаза беріліп, ол іске қоғам куә болып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың нақты нәтижелері көрінуде.

Елбасының қатаң ұстанымы және Қазақстан халқына арнаған кезекті Жолдауының сыбайлас жемқорлықты жоюға бағытталуы  парақорлықпен күресті бүгінге дейін жай уақытша әрекет деп санап жүргендерге арналған айқын дабыл.

Сыбайлас жемқорлық деңгейін төмендетудің маңызды шарасы халықпен және бизнеспен өзара іс-қимылды қоса алғандағы мемлекеттік органдарда жүргізілетін процестерді цифрландыру болып табылады. Қызылорда облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінде бұл бағыт оң үрдіс орын алған.  

Соңғы жылдары жемқорлыққа қарсы күрес стратегиясын жүзеге асыру нәтижесінде әкімшілік кедергілер айтарлықтай дәрежеде қысқарып, сыбайлас жемқорлықтың көріністері азайды. Мемлекеттік органдарға есеп беру міндеттілігі мен ашықтық элементтері жүктеліп, енгізілді.

Сонымен бірге, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті одан әрі тиімді жүзеге асыру үшін заңның үстемдік құруын қамтамасыз етуге бағытталған шараларды, азаматтардың конституциялық құқықтарына кепілдікті нығайту, құқық үстемдігін қамтамасыз ету жұмыстарын ұдайы түрде жүргізілуін жалғастыру қажет.

 

 

                                                                 Қ.Жұмағұлов

Қызылорда облысы бойынша

Мемлекеттік кірістер департаментінің

Заң басқармасының бас маманы