Дата публикации: 25.11.2019 18:25
Дата изменения: 25.11.2019 18:25

Жалған мәміле жарамсыз

         Сот тәртібімен салық төлеушілердің арасындағы мәмілелерді жарамсыз деп тану үшін жүргізілген жұмыстарда, оң шешімді нәтиже бар. Заңды күшіне енген сот шешімінің негізінде, ҚҚС  сомасы 6590,7 мың теңге және КТС сомасы 10984,5 мың теңге мөлшерінде бюджетке түсіру мақсатында камералдық бақылау іс-шаралары қабылданды.

         Ескеріңіз, ҚР Азаматтық кодексінің 160 бабының 1 тармағына сәйкес  тиісті құқықтық салдарлар жасау ниетінсіз, тек алдау үшін жасалған мәмілені (жалған мәмілені) сот мүдделі тұлғаның, тиісті мемлекеттік органның немесе прокурордың талап арызы бойынша жарамсыз деп таниды.

Қызылорда облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті