Дата публикации: 14.10.2019 13:17
Дата изменения: 14.10.2019 13:18

          Қызылорда облысы бойынша мемлекеттік кірістер  департаменті  2019 жылдың 1 қазан жағдайына ағымдағы жылы 142.4 млн.теңге негізгі бересісін  төлеген 3017 жеке тұлғаның  31,4 млн теңге өсімпұлы есептен шығарылды. Ал, жылдың басында мүліктік табыс, мүлік, жер және көлік салықтары бойынша бересісі жоқ 991 жеке тұлғаның 8,4 млн.тенге  өсімпұлын сомасы есептен шығарылды. Сондай-ақ,  15 жыл бұрын пайда болған жаңылыс салықтық берешегі бар, жеке кәсіпкер ретінде тіркеу есебінде тұрмайтын 27 жеке тұлғалардың 1,7 млн.тенге салықтық берешегі  есептен шығарылды.  

Қызылорда облысы бойынша МКД

Өндірістік емес төлемдер басқармасы