Дата публикации: 09.02.2021 17:28
Дата изменения: 09.02.2021 17:28

Сыбайлас  жемқорлық  әлемде орналасқан  әрбір мемлекеттің саяси дамуына, оның ішінде егеменді Қазақстанда әлеуметтік құбылыс ретінде өмірін жалғастырып келе жатқан қоғам кеселі.

Сыбайлас жемқорлық елдің әлеуметтік-экономикалық даму үдерісін, нарықтық экономиканың құрылуын инвестициялар тарту процесін тежеуде. Қазақстанның мемлекеттік саясатының негізгі басымдықтарының бірі сыбайлас жемқорлықпен күрес болып табылады.

Жемқорлықты жеңу Қазақстан үшін мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарының бірі. Сол себепті ҚР Президенті өзінің  әр жыл сайынғы қазақстандықтарға арнаған әрбір Жолдауларындағы саяси басымдықтарының бірі ретінде сыбайлас жемқорлықпен күресті атап көрсетті.

Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев сыбайлас жемқорлықпен күрес туралы айтқанда қоғамның көмегінсіз жемқорлықты жеңу мүмкін еместігін бірнеше рет атап өтті. Оның ішінде, қазақстандық әрбір азаматтың осы бір күрделі мәселелерді шешуге, оның ішінде сыбайлас жемқорлықты жеңуге де қажет білімдері жетерлік екенін тілге тиек етті.

БҰҰ-ның құжаттарында қолданылатын жемқорлық терминінің халықаралық-саяси анықтамасы  «сыбайлас жемқорлық – бұл мемлекеттік билікті жеке бас пайдасы үшін, үшінші бір тұлғалар мен топтардың мақсаты үшін асыра пайдалану» деген анықтама берген.

Сыбайлас жемқорлықтың қоғамға тек зиянын тигізіп қоймай,  сонымен бірге оң нәтижеге жеткізбейтінін естен шығармауымыз қажет! Өйткені, сыбайлас жемқорлық тәсімінде параны көбірек беруші ғана жеңіске жетеді. Қорқыныштысы - сыбайлас жемқорлықпен айналысу сол тұлға мен оның жақындарының сана-сезіміне залал  келтіріп, дүниетанымдарын бұзады.

Қазіргі заманғы әлемде сыбайлас жемқорлықпен күресуді күшейтуде. Әрбір мемлекет қолданатын сыбайлас жемқорлықпен күресу әдістерінің жиынтығы елдің саяси және экономикалық тұрақтылығына ғана емес, сонымен қатар әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрлеріне, діни ерекшелігі мен құқықтық мәдениет деңгейіне және аумағы бойынша алатын жеріне, халқының саны мен орналасу тығыздығына да байланысты болып келеді.

Бүгінгі таңда халқымыздың бірлігі мен елдегі тұрақтылық арқасында экономикамыз өркендеп, соның салдарынан азаматтарымыздың хал-ахуалы жақсарып келеді.

Сондықтан сыбайлас жемқорлыққа қарсы кірістер органының жұмысының негізгі бағыты мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру болып табылады, өйткені азаматтардың органдармен жасайтын кез келген қарым-қатынасы, бір жағынан, сыбайластықтан құрылған қызмет түрін қабылдаумен байланысты.