Дата публикации: 21.09.2021 13:33
Дата изменения: 21.09.2021 13:33

Жалпы облыс бойынша бүгінгі күнге жер қойнауын және жер асты суларын пайдалануға рұқсаты бар 112 салық төлеуші тіркелген.  Мұндай салық төлеушілерге Қызылорда облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департементі тарапынан олардың табыс еткен салық есептілігі нысандарына камералдық бақылау шараларын тоқтатқан емес.        Осындай жүргізілген камералдық бақылау нәтижесінде жыл басынан бері 24  салық төлеушіден бюджетке 47.6 млн. теңге қосымша салық сомалары өндірілді.

         Сонымен қатар, уәкілетті мемлекеттік органның мәліметіне сәйкес, ағымдағы жылы осы қызмет түрін заңсыз жүзеге асырған облыс көлемінде 4 салық төлеушіні анықтап (2 заңды тұлға, 2 дара кәсіпкер), ҚР ӘҚБтК-нің 139-бабы, 1-тармағымен жалпы сомасы 416,7 мың теңге көлемінде айыппұл салынды.