Дата публикации: 27.03.2019 19:17
Дата изменения: 27.03.2019 19:17

        Қызылорда облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы Серік Жолдасбекұлы Мұстафаев бұқаралық ақпарат құралдары өкілдеріне брифинг берді. Медиа құрылымдармен болған кезекті кездесу 2018 жылдың 05 қазанындағы Елбасы Жолдауынан туындайтын міндеттердің орындалу барысына арналды.        Өткен 2018 жыл Қызылорда облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің қызметінде  жақсы қорытындыланды.

         Қызылорда облысы бойынша МКД 2018 жылдың  қорытындысымен  шоғырландырылған бюджетке 299  млрд. теңге түсім түсуін қамтамасыз етті, алдыңғы жылмен салыстырғанда 94,3 млрд.теңгеге артық (2017ж.-204,7 млрд.теңге).

         Оның ішінде мемлекеттік бюджеттің үлесі 135,8 млрд. теңге, тапсырма 102% орындалды. Республикалық  бюджетке  түсірілген салық көлемі 80,9 млрд.теңге, орындалуы 102%,  өткен жылдың осы кезеңінен 21,8 млрд. теңгеге артық, жергілікті бюджетке түсім – 54,9 млрд. теңге болып құралды, өткен жылмен салыстырғанда 9,3 млрд.теңгеге артық  (120,4%).

        Салықтық және кедендік әкімшілендірудің күшейтілуі арқасында 21,3 млрд. теңгенің қосымша кіріс көздері қамтамасыз етілді, бұл 2017 жылдан 10,9 млрд.теңгеге артық немесе 2 есеге ұлғайған.

        Кедендік төлемдер мен салықтар бойынша жоспар 111% орындалды немесе 27,9 млрд.теңге түсім түсірілді.

        Бизнеске қолайлы жағдай жасау аясында салықтық тексерудер саны, 2017 жылмен салыстырғанда, 29,1% азайды (2017ж. - 1962, 2018ж. - 1392), тексерулер нәтижесімен 10,3 млрд. теңгенің қосымша салықтары есептеліп, алдыңғы жылдардағы сомаларды қосқанда 9,5 млрд. теңге өндірілді. Камералдық бақылаудың тиімділігі артуда, 5,7 млрд. теңгенің салығы қосымша есептеліп, 3,3 млрд.теңгесі өндірілді.

        Құқыққорғау бағыты бойынша 255 қылмыстық іс өндірісте болған, оның 205-і аяқталып, 90 іс сотқа жолданды.  Мемлекетке келтірілген 1 млрд. 400 млн. теңгенің залалы қалпына келтіріліп, 2 млрд. теңгенің қаражаты мен мүлкіне шектеу қойылды.

         Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2019 жылдың 21 қаңтардағы №39 бұйрығымен  «Бересіні төлеген жағдайда өсімпұл мен айыппұл сомасын есептен шығару қағидалары» бекітілді.  Қазіргі кезде Департаментте және барлық аудандар мен Қызылорда қаласы бойынша басқармаларда тұрақты комиссия құрылып, жұмыс жасап отыр.  Қызылорда облысында рақымшылықты пайдалануға мүмкіндігі бар тұлғалар саны – 1851, олардың 2018 жылдың 1 қазанына жалпы берешегі 5,3 млрд.теңгені құраған. Оның 3,5 млрд теңгесі негізгі қарыздары,  1,6 млрд. теңге өсімпұл және 200 млн. теңге айыппұл.   2019 жылдың 20 наурызына біздің облыстан 913 тұлға 175 млн.теңге көлемінде негізгі қарызын өтеп отыр. Олардың  20,1 млн. теңге өсімақысы есептен шығарылды.

        Қызылорда облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті осыған дейінгі қолданыста болған 10 және 17 ОКЭД бойынша ескі үлгідегі бақылау-касса машиналарын онлайн-бақылау касса машиналарына ауыстыруды толықтай аяқтады. Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 16.02.2018 жылғы №206 санды бұйрығына сәйкес облыс аумағында келесі қызмет түрлері бойынша ақшалай есеп айырысулар кезінде онлайн-БКМ қолданысқа енгізу мерзімдері бекітілген:

▪  01.04.2019 жылдан бастап 323 қызмет түрлері, оның ішінде облыс бойынша 3 403 тұлға. Ағымдағы кезеңге жоғарыда аталынған кәсіпкерлік нысанының 2331 немесе 68,5% онлайн-БКМ ауыстырылуы қамтамасыз етілді.

▪  01.07.2019 жылдан бастап 86 қызмет түрлері, оның ішінде облыс бойынша 3 911 тұлға.

▪  01.10.2019 жылдан бастап 224 қызмет түрлері, оның ішінде облыс бойынша 2 996 тұлға.

       2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап патент және бірыңғай жер салығы арнаулы салық режимі негізінде қызмет атқаратын барлық салық төлеушілер де (облыс бойынша 12 076 тұлға) есеп айырысулар  кезінде онлайн-БКМ қолдануға тиісті. Яғни, үстіміздегі жыл ішінде облыс бойынша барлығы 22380 тұлға онлайн-БКМ негізінде өз қызметтерін жүзеге асыруға тиісті. 

      Биылғы жылдың жаңа міндеттерінің бірі – салық төлеушілерді төмен, орташа немесе жоғары тәуекел санатына жатқызу жұмыстары. Мұндағы мақсат: әрбір салық төлеуші тұлға өзінің қызметінің бірнеше өлшемшарттары бойынша жүргізілген талдау нәтижесінде санатқа ие болады және салықтық әкімшілендіру шараларын сол санат бойынша саралап қолданады

      Әр кәсіпкер тұлғаның кабинетінде оның қызметінің 13 өлшемшарттары енгізілген. Олардың   қатарында, мысалы:

♦ «Салықтық жүктеме»;

♦ «Бір жұмыскердің орташа айлық жалақысы»;

♦ «Салық есептілікте көрсетілетін шығыстар және кірістер сомасы»;

♦ «Бұрын ұсынылған салықтық есептілікке бірнеше рет өзгерістер мен толықтырулар енгізу»;

 ♦ «Камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтар»;

♦ «Салық төлеушінің деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар бақылау-касса машинасын қолдану»;

 ♦ «Шот-фактураны электрондық түрде шығару» сияқты шарттар бар.

       Осындай талдау қорытындысымен  салық төлеушінің қандай тәуекел дәрежесіне жатқызылғандығы туралы ақпарат жылына екі рет анықталып, «Салық төлеушінің кабинетіне» жіберіліп отырады.  Қазіргі таңда облысымызда тіркелген 57 443 салық төлеушінің тәуекел дәрежесінің төмені 17 023 (29,6%), орташасы 39 492 (68,8%)  және жоғарысы 928 (1,6%)  санатын құрап отыр.

        Бұл да, түптеп келгенде, әділеттілік принципіне негізделген жаңалық. Әрбір кәсіпкер тұлғаның  қызметінің деректері айқын және соған орай ол белгілі бір жеңілдіктерді пайдалана алады немесе, керісінше, белгілі бір бақылаудың  түрлеріне  алынады.

        Өткен жылдың 1-қаңтарынан бастап, Қазақстан Республикасының аумағында тауарларды кедендік тазартуды электронды «Астана-1» ақпараттық жүйесі іске қосылды. Бұл қадам экспорт және импорт үшін ұсынылатын құжаттардың санын және оларды өңдеу уақытын қысқартуға мүмкіндік береді. Аталған жүйе бойынша кедендік ресімдеуге ұсынылған тауарлар мен көлік құралдары тәуекелдерді басқару жүйесімен 4 түрлі дәліздерге орналастырылады. Олар: қызыл, сары, жасыл және көк дәліздер. Мысалы, «қызыл» дәлізге орналасқан тауарларға кедендік тексеру жүргізіледі. Ал «жасыл» дәлізге орналасқан тауарлар автоматты түрде кедендік тазартудан өткізіледі. Жалпы, 2018 жылдың 12 айында «Астана-1» ақпараттық жүйесі арқылы 2 813 декларация ресімделіп, әр түсті дәліздерге орналастырылды.    Биылғы жылдың және бір өзгерісі – шекара асып шет елге шығатын жеке тұлғалар үшін жеке пайдалануға арналған тауарларды бажсыз әкелудің нормасына қатысты.  2019 жылғы 1 қаңтардан бастап бұл норма 500 еуроны және 25 килограмды құрайтын болды. Белгіленген нормадан асқан жағдайда: құндық нормадан асқан бөлігіне құнынан 30 пайыздық мөлшерде,  және салмақ нормаларынан асқан бөлігінде салмақтың 1 килограмы үшін кемінде 4 еуро ставкасы бойынша кедендік төлемдерді төлеу керек.

       Мемлекеттік қызмет көрсету стандарттарының талаптарына сәйкес, департаменттің салық саласында  28 мемлекеттік қызметтер көрсетіледі, оның  18-і  автоматтандырылған.  Ал кеден саласы бойынша сыртқы  экономикалық  қызметке  қатысушыларға 16 мемлекеттік қызмет түрі көрсетілсе, оның ішінде 6-ауы  толық автоматтандырылған.  2018 жылы Департамент құзыретіндегі мемлекеттік қызметтің 94% электронды форматта көрсетілген, оның ішінде салық есептіліктерінің 99,3% электронды нысанда тапсырылған.

       Басым бағыт -  салық төлеушілерге сапалы мемлекеттік қызмет көрсету. Көрсетілетін қызметтің сапасы мен ұтқырлығын бағалау мақсатында  ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің бастамасымен «Цифрлы агент» (Digital agent) мобильді қосымшасы 2018 жылы желтоқсан айынан бастап іске қосылды. Мұнда  мемлекеттік қызметті алушылардың шынайы уақытта қызмет көрсету сапасына қатысты  өз шағымын және тиісті бағасын беру мүмкіндіктері қарастырылған.        Сонымен қатар, кірістер органдарына мемлекеттік қызмет алу үшін келген «мемлекеттік қызмет көрсетудің экстерриториялық принципі» қарастырылған, бұл салық төлеушіге оның орналасқан мекен жайына қарамастан, 12 мемлекеттік қызмет түрін көрсету мүмкіншілігі.        

        Көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің қолжетімділігін және сапасын арттыру үшін    қазіргі кезде  Комитет тарапынан  қолға алынып отырған және бір бастама – республика бойынша салықтөлеушілерге қызмет көрсететін CALL-орталықтың (колл-центр) құрылуы. Бұл жоба бойынша CALL-орталыққа әр департаментте салық және кеден саласында тәжірибелі мамандар (3) жауапты болып бөлінеді, олар үшін барлық ақпарат жүйелері қолжетімді болады. 1414 орталық нөмірі арқылы түскен сұрақтар аумақтарға қосылып, онда отырған мамандар жауап беретін болады.

 

Б.Орданова,

Қызылорда облысы бойынша МКД

бас маманы