Дата публикации: 21.05.2018 11:51
Дата изменения: 21.05.2018 11:51

         Өркениетті қоғамның дамуына, өркенділік көшіне ілесуге кері әсерін тигізетін сыбайлас жемқорлық факторлардың алдын алу қазіргі таңдағы мемлекеттің алға қойып отырған басты міндеттерінің бірі.

          Қоғамымыздағы ең қауіпті міндеттердің бірі-жемқорлық еліміздің экономикасына, халықаралық беделіне, тіпті қорғанысы мен қауіпсіздігіне де нұқсан келтіруі ықтимал.

          Ең басты біздің міндетіміз- бұл сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша жұмысты күшейту. Адамдардың сыбайлас жемқорлыққа қөзқарасын түбегейлі өзгерту. Қоғам үшін күрделі және қауіпті  проблеманы шешуден ешкім тыс қалмауы қажет. Өйткені, оған елдің болашағы ғана емес, әрқайсымыздың тағдырымызға да байланысты.

          Елбасы: «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес – тек жазаға тарту шаралары емес, бұл мемлекет пен қоғам жұмыстарының кешенді түрде жүргізілуге тиісті жүйелі жұмыстарының жиынтығы», -  екенін атап көрсетті.

          Осы орайда, Қызылорда облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінде қарқынды жұмыстар жүргіpгізілуде. Департаментте 23-81-91 нөмірлі сенім телефоны, арыз-шағым жәшігі жұмыс істейді.

        2018 жылдың 1 тоқсанында жеке және заңды тұлғалардан барлығы - 176 өтініш тіркелді, оның ішінде  144-і жеке тұлғадан, 32-і заңды тұлғалардан  келіп түскен. Барлық өтініштер Электрондық құжат айналымының бірыңғай жүйесі арқылы тіркеліп, «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы»  Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12- қаңтарындағы №221-III Заңымен бекітілген азаматтардың өтініштерін қарау тәртібіне сәйкес өз мерзімінде қаралды.

 

 

Талғат Дайрабаевич Мендибаев

Қызылорда облысы бойынша

Мемлекеттік кірістер департаментінің

Адам ресурстары басқармасы

Қызметтік тергеу бөлімінің басшысы