Дата публикации: 25.09.2015 10:11
Дата изменения: 25.09.2015 16:43

Сыбайлас    жемқорлыққа   қарсы   іс-қимыл бағытындағы атқарылып жатқан  шаралар

Қызылорда облысының әкімшілігінде «Нұр Отан»  партиясының сыбайлас    жемқорлыққа   қарсы   іс-қимылдың 2015-2025 жылдарға арналған бағдарламасы туралы» мәжілісі өткізілді.

            Мәжіліс барысында, Қызылорда облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы С.Ж.Мұстафаевтың «Қызылорда облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің «Сыбайлас    жемқорлыққа   қарсы   іс-қимыл бағытындағы атқарып жатқан  шаралары туралы» баяндамасы тыңдалды.

Департамент басшысы өз баяндамасында «Нұр Отан»  партиясының қабылдаған «Сыбайлас    жемқорлыққа   қарсы   іс-қимылдың 2015-2025 жылдарға арналған бағдарламасы» жайлы, сыбайлас жемқорлықтың пайда болуының алғы шарттарын азайту мен мемлекеттік қызметтер көрсетудің сапасын арттыру және бизнеске жасалатын әкімшілік кедергілерді азайту, сонымен қатар мүлікті жария ету және жалпыға бірдей декларациялау жайлы атқарылып жатқан істерге тоқтала келіп, келелі ой-пікірлерін жеткізді. Сондай-ақ, көлеңкелі экономиканы барынша азайту мәселелері туралы атқарылар істерге тоқталды.

Құқықтық сауаттандыру - заңсыздыққа тосқауыл

            Қызылорда облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінде қызметкерлер тарапынан  заң бұзушылықтарды  болдырмау және профилактикалық  жұмыстар жүргізу мақсатында, «Сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу, болдырмау», «Сыбайлас жемқорлық қылмыстары мен құқық бұзушылықтары үшін жауапкершілік» тақырыбында мәжіліс өткізілді.

Мәжілісте Департаменттің Ішкі қауіпсіздік басқармасының жетекші маман - офицері М. Абдыкамалов пен адам ресурстары басқармасының басшысы М.Жаденовтер баяндама жасап, құрылымдық өзгерістерге байланысты салық, кеден органдары мен қаржы полициясының экономикалық қылмыстары бойынша атқарылып келген жұмыстарының біріктірілгенін, қазіргі уақытта құрылымның өз ішкі қауіпсіздік қызметі жұмыс жасап жатқандығына тоқталды. Оның негізгі қызметтерінің ұйымдастырылуы мен алдағы мақсаттары жайлы, жемқорлықтың себептері мен шарттарын жою және түбірімен жаңғырту, жемқорлыққа бейім салаларды зерделеу, қызметкерлер арасында жемқорлық  қылмыстар мен құқық бұзушылықтарға жол бермеу, сауықтыру және анықтауды белсендіру, олардың жолын кесу жөнінде баяндалды.

Сондай-ақ, сыбайлас жемқорлық қылмыстары үшін тағайындалатын жазалардың ауырлатылғанына, оның ішінде мемлекеттік қызметке орналасуға өмір бойы тыйым салынатыны жеткізілді. Мемлекеттік міндеттерді атқаруға уәкілеттік берілген адамдарға сыбайлас жемқорлыққа жағдай туғызатын және игіліктер мен артықшылықтарды заңсыз алуға байланысты, құқық бұзушылықтар үшін жауапкершіліктердің ерекшеліктері мен қолданылу жағдайларына тоқталды..

Мәжіліс соңында баяндамашыларға қызметкерлер тарапынан сұрақтар қойылып, тиісті жауаптары берілді.