Дата публикации: 19.07.2018 18:54
Дата изменения: 20.07.2018 11:50

Қызылорда облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті жанындағы  Консультативтік кеңес отырысында «Мемлекеттік кірістер органдарындағы сыбайлас жемқорлықтың алдын алу шаралары» туралы хабарлама тыңдалды.

Салықтық және кедендік әкімшілендірудің өзекті мәселелерін талқылауға арналған кеңестің құрамын Облыстық кәсіпкерлер палатасы мен Тұтынушылардың құқығын қорғау ассоциациясының өкілдері, сыртқы экономомикалық қызметке қатысушылар мен салық төлеушілер құрайды.

        Хабарламада сыбайлас жемқорлық әрекеттерінің алдын алудың маңыздылығы туралы айтылды. Жыл басынан бері түрлі форматта өткізілген іс-шаралар (семинар-кеңес мен дәрістер, техникалық оқу, дөңгелек үстел, жарнамалық ролик) осының айғағы, сонымен қатар бұқаралық ақпарат құралдары арқылы мақала мен хабарландырулар жарияланып, теледидар және радио арқылы  сұхбаттар беріліп келеді.

Мәселен, ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің, Нұр Отан өкілдерінің қатысуымен бірнеше мәрте семинар-кеңес пен кездесулер ұйымдастырылды. Шақырылған өкілдер сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бағытында іс-шаралар туралы республика, облыс көлеміндегі орын алған заң бұзушылықтар жайлы түрлі деректер келтірді. Сонымен қатар,  іс-шара барысында қызмет өкілеттігін теріс пайдалану, пара алудың нақты фактілеріне қатысты бейне-жазбалар көрсетілді.

Қызылорда облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті және аумақтық басқарма қызметкерлері сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың зардаптарын  сезіндіру  мақсатында,  Қызылорда облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты 169/1 мекемесінде қылмыстық жазасын өтеп жатқан азаматтардың тыныс-тіршілігімен  таныстыру шараларына тартылды.

Одан бөлек, Департамент бұйрығымен салықтық және кедендік әкімшілендіру саласындағы сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасау мүмкіндігінің себептері мен жағдайларының алдын алуға және болдырмауға бағытталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу жөніндегі жұмыс тобының құрамы және сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің тәртібі бекітілген. Бекітілген тәртіп бойынша құрылымдық бөлімшелер тұрақты түрде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізіліп, оның қорытындыларын Департаменттің Ішкі қауіпсіздік басқармасына жолдап отырады. Басқарма материалдарды ішкі талдау жүргізу жөніндегі жұмыс тобында қарауға ұсынып, бекітілген нысанда талдау анықтамасын әзірлейді.

  2018 жылдың 1 жартыжылдығында сыбайлас жемқорлық әрекеттерін жасауға мүмкіндік беретін және салық, келен  саласындағы нормативтік-құқықтық актілер бойынша осындай 18 ұсыныс  Ішкі қауіпсіздік басқармасына жолданды. Осының барлығы қызметкерлер қатарын таза сақтау, сыбайластыққа жол бермеу шаралары.

Консультативтік кеңес отырысында жасалған хабарлама тағы бір мәрте кәсіпкерлік өкілдерін бірлесіп сыбайлас жемқорлыққа қарсы болуға шақырды.

 

 

Талғат  Меңдібаев,

Қызылорда облысы бойынша

Мемлекеттік кірістер департаментінің

бөлім басшысы