Дата публикации: 18.09.2018 18:21
Дата изменения: 18.09.2018 18:21

Мемлекет басшысы «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауында Қазақстанның мемлекеттілігін нығайту жолындағы стратегиялық маңызды мәселелерді айқындап берді. Соның ішінде, тоғызыншы басымдық - сыбайлас жемқорлықпен күрес.

Бұл қоғам дертінің алдын-алу және болдырмаудың бірден-бір жолы – профилактикалық жұмыстардың жүйелі жүргізілуінде.

Осыған орай, мемлекеттік қызметкерлер салық төлеушілердің арасындағы байланысты азайту және болдырмау мақсатында электронды жүйеге көшу мәселесі қарқынды жүргізіліп келеді.

Бүгінгі күнге, салық төлеушілердің банк шоттарындағы шығыс операцияларын тоқтату, касса бойынша операцияларын тоқтату, мүлікке билік етуге шектеу шешімін шығару, сонымен қатар оларды кері қайтару автоматты түрде жүйенің өзінде қалыптастырылады. Егер, салық төлеушінің электронды цифрлі кілті болса, өзара электронды іс-қимылдарға байланысты уәкілетті органдар мен 2-ші дәрежелі банкілерге де Мемлекеттік кірістер басқармасының қызметкерлерінің қуаттауынсыз төлем туралы мәліметтері автоматты түрде жүктеледі.

Қазіргі таңда, салық төлеушілердің 90%-ы автоматтандырылған жүйені қолданады және бұл жүйенің сыбайлас жемқорлықты болдырмау, алдын алуда  тиімділігі де өте жоғары.

Жүйенің автоматтандырылуы нәтижесінде үстіміздегі жылдың екінші тоқсанында 984,2 млн.теңге қарыз қаражат мәжбүрлеп өндірілді. Бұл көрсеткіш бірінші тоқсанмен салыстырғанда 8 есеге артық.

Осындай жаңару жұмыстары салық төлеушінің мүддесін қорғауға бағытталған, сонымен қатар мәжбүрлеп өндіріп алу процесінде лауазымды тұлғаларды қағазбастылықтан арылтып, жұмыс уақытын тиімді пайдалануға мүмкіндік береді. Бұл мемлекеттік қызметті жеделдетіп, сыбайластық дертінің алдын алуға сеп болмақ.

 

         Әлия Құлтан,

Қызылорда облысы бойынша

Мемлекеттік кірістер департаментінің 

бас маманы